Экс-министр Қасымовтың туыстары алдап кетті - Үй заңдастырудың әлегі

Алматы қаласының тұрғыны Бибімәрия Қожанқызы бірнеше жылдан бері ағайынды Қасымовтарды сотқа беріп келеді. Себеп ағайынды шенеуніктер тұрғынның қаладағы жекеменшік үйін заңдастырып беруге уәде беріп, құжаттары мен қомақты сомада ақша алып, алдап кеткен. Malim.kz тілшісі мәселенің мәнін біліп, тұрғынмен тілдесті.

Ақниет Аманжолқызы

  • 19.05.2022

 

- Үйді қай уақытта алдыңыздар? Құжаттарын сол үй алған бетте жасамадыңыздар ма?

- Бұл үйді біз 86 жылы алғанбыз. Ол кезде нотариуссыз келісім жасалған. Ақшаны беріп, екі куәгермен құжаттарды аласың. Ол кездегі үйдің, жердің аумағына қатысты құжаттардың барлығы қолымызда бар.

88 жылы жолдасым жұмысынан үй алды. Біз сол көпқабатты үйге көшіп кеттік. Одан кейін бұл жаққа қарайтын шамамыз болмады. 90-жылдары көпқабатты үйлерде жылуды өшіріп тастағаннан кейін осы жер үйімізге қайта көшіп келдік. Ол кездегі жер үй ескі болған соң, жаңадан үй салып бастадық. Әркім әртүрлі ақыл айтты. Үйді салып алып, құжатты содан кейін жасау керек деді. Солай созып жүріп алдық та 2000 жылдан бастап үйдің құжатын рәсімдей алмай жүрміз. Адвокаттарға барсақ, біреуі «алдымен үйді заңдастыру керек» деді, екіншісі «алдымен жерді заңдастыру» керек деді.

2007 жылы болған «Заңдастырудан» (легализация) өте алмай алдық. Кейін бір танысымыз ешбір құжатсыз біреуге ақша беріп жасатып алғанын білдік. Біз ол кезде ешкімге ақша бермегенбіз.

- Қасымовтармен қалай байланыстыңыздар?

- Легализациядан өтпегеннен кейін біреуден көмек сұрау керек болды. Тура сол уақытта бәрі «Нұр Отанға» барып көмек сұрайтын болып кетті ғой. Содан біз де бардық. Ол жерде «Нұр Отанның» Алматы қалалық филиалының қызметкері Ербол Әбдірахметұлы Қасымов деген азаматпен таныстым. Ол кісі «Мен бәрін жасаймын, қырам, жоям» деп сендірді. Сосын маған үйіңізге «доверенность» жазып беріңіз деді. Және «қаламақы» сұрады. Содан «әне-міне жасап берем, үйтем-бүйтем» деп уақыт созды. Одан «Мәселе шешілмей жатыр. Маған үйдің құжаттарын толық әкеліңіз», деді. Мен оған сеніп, алдайды деп ойламай, құжаттарымның бәрін апарып бердім. Артынан құжат та жоқ, ақша да жоқ. «Мен ешнәрсе алған жоқпын», деп шықты. Менен жалпы сомасы 6,5 мың доллар алған. Әпке-сіңлілерімнің алтындарын өткізіп, қосымша қарыз алып жинап берген ақшам еді.

- Сотқа беріп көрдіңіз бе?

- Иә, сотқа бердім. Бастапқыда қарамады. Кейін астанаға Бас прокуратура барып едім сот істі қарады. Бірақ сот оған ешқандай кінә таққан жоқ. Басқа бір адамды соттап жіберді.

- Неге?

- Ол кезде мен Ербол Қасымовтың Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың туысқаны екенін білмеген едім. Одан бөлек, Ербол Әбдіраметұлының туған қарындасы Айжан Қасымова Алматы қаласы әкімі аппаратының Заң бөлімінің жетекшісі екен. Оны да білмедім. Солардың әсерінен сотталмаған болып тұр ғой. Әйтпесе, мен секілді зардап шеккен 8 адам бірігіп сотқа бергенбіз.

- Кім жауапқа тартылды?

- «Жас Отанда» істеген әрі Айжан Қасымованың көмекшісі болған Алмабек деген жап-жас жігіт бес жылға сотталып кетті. Ақшаны да сол бала қайтарып беру керек деген шешім шықты. Қасымовтарға дым болмады. Ақшаны әлі ешкім қайтарып берген жоқ.

- Мұндай лауазымды тұлғаларға қарсы шыққаныңыз үшін өзіңізді қудалаған жоқ па?

- Қудалады.  Мен 15 жыл Медеу аудандық әкімшілігінде әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істедім. 2016 жылы жаңадан басшылық келіп жатқан кезде жаңағы Қасымовтың қарындасы мені жұмыстан шығартып жіберді. «Жұмысқа келмеді» деген желеумен. Медеу ауданының 70 жылдығына алған медалім бар. Жұмысымда ешқандай кінәрат жоқ болатын.

Тура қазір де солардың кесірі тиіп жатыр. Жеріміздің бір бөлігін көршіміз атына жаздырып, «госакт» жаздырып алыпты. Сол атына жерді жаздырып алған көршіміздің де лауазымды туыстары бар екен. Депутат болу керек. Бәрі бірігіп алып отыр. Полициямен келіп, жерді қоршап аламыз дейді.

- Осы адамдардың тікелей басшыларына, Алматы қаласының әкіміне шағымданып көрдіңіз бе?

- Сағынтаевтың қабылдауына бірнеше рет жазылып, кіре алмай қайтқам. Қазір Досаевтың да қабылдауына баруды жоспарлап отырмын. Қызым да, өзім де президенттің атына өтініш айтып отырмыз.

Редакциядан: Ербол Әбдірахметұлы Қасымов туралы мәліметтер өте аз. Ол 2008 жылдары «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалында жемқорлыққа қарсы күрес кеңесі төрағасының орынбасары болған. Ал осы іске қатысы бар тағы бір адам Айжан Әбдірахметқызы Қасымова әлі күнге Алматы қаласы әкімі аппаратының заң бөлімінің жетекшісі болып қызмет атқарады. Кейіпкеріміз айтқандай, олар расымен бұрынғы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұхаметұлы Қасымовтың туысы» екенін анықтау мүмкін болмады.

Байланысты жаналықтар

Мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады

30.04.2024

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

29.04.2024

Алматыдағы ІІМ-ге қарасты аумақ депутаттың меншігіне өтіп кеткен

29.04.2024

Алматыда бойжеткенді зорланған күзетшіге сот үкімі шықты

29.04.2024

Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлаған

29.04.2024

Алматыда 3 адам көз жұмған автобус апаты: жүргізушіні ұрған адам 8 жылға сотталды

26.04.2024
MalimBlocks
Мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады

Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында түнде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал, күн күркіреп, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашынды ауа райы күтіледі.

Алматыдағы ІІМ-ге қарасты аумақ депутаттың меншігіне өтіп кеткен

Осы тұста аудан әкімі тарапынан заңға қайшы әрекетке жол берілген.

Алматыда бойжеткенді зорланған күзетшіге сот үкімі шықты

Ол қызды пышақпен қорқытып, өз үйінің кіреберісінде не болып жатқанын видеоға түсірген.

Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлаған

Оны ломбард қызметкерлері әшкерелеуге көмектескен.

Алматыда 3 адам көз жұмған автобус апаты: жүргізушіні ұрған адам 8 жылға сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.