Ішімдік – өзіңе де, өзгеге де қауіп

Malim Админ

  • 28.05.2020

Ішімдіктің өзі адам денсаулығына зиян. Ағзасын айтамыз. Түбегейлі тағдырларын бөтелкенің түбіне байлап, қу мойнына телміріп отырған адамдар қаншама?! Уақыт ағысы жылдамдап, күн көрудің тәртібі қиын, өмір сүруге жанталасып жатқан қоғам бар да, ішімдікке әуес топ бар. Бұлардың ара-жігін ажыратып айтудай-ақ айтылып жатқанмен, оның зардабын түсініп жатқам кім бар? Жарайды, бір оқыс оқиға болыд делік бір апта шулап, ертесі ұмыт болады.

Жақында Ақмола облысында екі жаяуды жүргіншіні қағып кеткен мас жүргізуші ұсталды.

Ақмола облыстық полиция басқармасының мәліметінше, мамырдың 24-де Шортанды ауданында 35 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2106» автокөлігімен жолдың оң жақ тұсымен (жолдың бұл тұсында тротуар жоқ) жүріп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша жүргізуші орташа деңгейде мас болған. Зардап шеккендер 36 жастағы әйел мен 9 жастағы қыз бала ауруханаға жатқызылды», - деп мәлім етті Ақмола облыстық полиция басқармасы.

Тәртіп сақшылары атап өткендей, осы оқиға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345–1 бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары өтіп жатыр. Сонда кімнің несі кетті? Екі адам зардап шекті. Өзіңнің басыңа іс төнді. Кім арашалай алады?

Ал Атырауда көлікті мас күйде басқарған жүргізуші 1,5 жылға сотталып тынды. Облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, құқық бұзушы бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Атырау қаласының №2 сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігімен айыпталған азамат бұрын 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Соған қарамастан, биылғы 15 наурызда алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде автокөлікті басқарған. Айыпталушы осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Алайда, ол түзелу жолына түспеген және тиісті қорытынды жасамаған. Мұның бәрі сот барысында ескерілді», - деп хабарлады облыстық соттан.

Сот үкімімен айыпталушыға 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды. Жазаны өтеу орны ретінде қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі белгіленді.

Ал бқған кімнің жаны ауырды? Әрине, жүргізушінің. Қараптан-қарап отырып, 1,5 жылға түрмеге қамалды. Ал екі адамды қағып кеткен жүргізушінің де үсінен қылмыстық іс қозғалады.

Алматыдағы блокбекеттік бірінде болған қайғылы оқиғаның да зияны ішімдіктен екені айтылып жатыр. Ішімдік тек өзіңіздің ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төндіретін, аса жағымсыз зат екенін мойындауыңыз керек. Ал ішімдік ішіп алып, көлік айдайтындарға қолданатын жаза қашанда қатаң болмақ.

 

Байланысты жаналықтар

Мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады

30.04.2024

«Әділдік және Өркендеу» қорының Маңғыстау өңіріндегі белсенділері қарттарға көмектесті

30.04.2024

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

29.04.2024

Алматыдағы ІІМ-ге қарасты аумақ депутаттың меншігіне өтіп кеткен

29.04.2024

Алматыда бойжеткенді зорланған күзетшіге сот үкімі шықты

29.04.2024

Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлаған

29.04.2024
MalimBlocks
Мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады

Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында түнде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал, күн күркіреп, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.

«Әділдік және Өркендеу» қорының Маңғыстау өңіріндегі белсенділері қарттарға көмектесті

Белсенділер өз қаражаты есебінен азық-түлік сатып алды.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашынды ауа райы күтіледі.

Алматыдағы ІІМ-ге қарасты аумақ депутаттың меншігіне өтіп кеткен

Осы тұста аудан әкімі тарапынан заңға қайшы әрекетке жол берілген.

Алматыда бойжеткенді зорланған күзетшіге сот үкімі шықты

Ол қызды пышақпен қорқытып, өз үйінің кіреберісінде не болып жатқанын видеоға түсірген.

Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлаған

Оны ломбард қызметкерлері әшкерелеуге көмектескен.