Мүфтият «Алланың миссиясы бітті» деген әйелге қатысты мәлімдеме жасады

Мүфти Алланың атынан жалған сөйлеу, өте ауыр күнә екенін айтты

Malim Админ

  • 24.03.2023

«Әлеуметтік желідегі Жанат Бақыт деген журналистің Алла тағала туралы айтқан ауыр сөздері мұсылмандар арасында түсініспеушілік тудырды. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына әр өңірден түрлі пікір, наразылық білдірген хаттар келіп жатыр», -деді ҚМБД төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар.

Наиб мүфти шариғатта Алланың атынан жалған сөйлеу, өте ауыр күнә екенін айтты.

«Алла тағала қасиетті Құранның Ән’ам сүресінің 144-аятында «Адамдарды надандықпен адастыру үшін Алланың атынан жалғанды жалпағынан басатын пендеден өткен залым бар ма?» деп баяндаған. Алла сақтасын, Құдай атынан жалған сөйлеуден ауыр іс жоқ. Әсіресе, Рамазан айында осындай келеңсіз сөзді айту мен үшін де ауыр», – деді ол.

Ершат Оңғар халық тарапынан сұрақ жиі қойылып, наразылық білдіріп жатқаннан кейін мүфтият атынан ресми мәлімдеме жасауға мәжбүр болып отырғанын айтты.

«Хәкім Абай «Алла тағала – өлшеусіз, біздің ақылымыз – өлшеулі. Өлшеулімен өлшеусізді білуге болмайды» деп айтқан. Осы ретте барша мұсылман қауымын, барша отандасымызды  Жанат Бақыттың сөзіне еріп, дәстүрлі сенімімізге селкеу түсіріп, ел ішінде арандатушылық тудырудан сақ болуға шақырамыз. Қасиетті Рамазан айында мұндай ауыр сөз айтып, ел ішінде наразылық тудырып алудан сақ болайық. Тұтқан ораза қабыл болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Алла тағала тәуелсіздігімізді баянды етсін», – деді Ершат Оңғар.

 

Байланысты жаналықтар

«ЖИ қолданады»: Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түріне байланысты мәлімдеме жасады

25.04.2024

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

24.04.2024

«Тоқаевты әрдайым қолдаймыз»: Нұрсұлтан Назарбаев қоры мәлімдеме жасады

16.04.2024

Қорғаныс министрлігі Ресейдің Дума депутаты таратқан ақпаратты «қауесет» деп атады

03.04.2024

«Мешіттен шыққан» педофил.  Мүфтият неге күдікке іліне береді?

13.05.2022

Мемлекеттік бағдарламамен үй алу харам ба?

08.10.2020
MalimBlocks
«ЖИ қолданады»: Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түріне байланысты мәлімдеме жасады

Зиян тигізетін сілтемелер балалар байқауына дауыс беру немесе әлеуметтік маңызы бар тақырыптарда сауалнамаға қатысуға шақыру түрінде де жіберілуі мүмкін.

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

Ол платформа пайдаланушыларының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ететіндерін айтты.

«Тоқаевты әрдайым қолдаймыз»: Нұрсұлтан Назарбаев қоры мәлімдеме жасады

Қор өкілдері қордың қызметінде саяси да, ақпараттық-манипуляциялық та сипат жоқ екенін атап өтті.

Қорғаныс министрлігі Ресейдің Дума депутаты таратқан ақпаратты «қауесет» деп атады

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Татарстанға ұшқышсыз ұшақтар Қазақстаннан шабуылдады деген сөзді жоққа шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Мешіттен шыққан» педофил.  Мүфтият неге күдікке іліне береді?

Ол тоғыз жастағы екі жеткіншекті қараусыз қалған ғимаратқа апарып зорлаған

Мемлекеттік бағдарламамен үй алу харам ба?