«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

Олар амалдың жоқтығынан үйінің төбесіне әкімнің есімін жазып қойған

Malim Админ

  • 29.05.2023

Ақтаудағы ең өзекті мәселенің бірі ауыз судың жайы. Жаз келсе жыры бітпейтін жөндеу жұмыстары басталып, қаладағы шағын аудандарда судың болмауынан ақтаулықтар күн ұзақ сарылып күтуге мәжбүр. Амалы таусылған тұрғындар тиісті органдардан көмек сұрап та әбден шаршаған. Енді олар амалдың жоқтығынан облыс әкімі Ноғаевтың есімін үйдің төбесіне жазып, су мәселесін шешудің «басқа» жолын іздеуге көшті.

Ақтау қаласында 4-ші шағын ауданының тұрғындары бірнеше күннен бері ауыз судың жиі болмауына байланысты кімге шағым айтарын білмей отыр. Осыдан кейін тұрғындар үйдің төбесіне «Ноғаев мырза, су қайда?"  деп жазылған қағазды шағын аудандағы 5-ші үйдің төбесіне іліп қойды. Тұрғындар мұнымен тоқтамай, аталған шағын аудандағы 50-ші үйдің  де төбесіне осылай жазуға бекінгенін мәлімдеді.

Облыс әкіміне шағым айтқан тұрғындар телеграмдағы әкімдік парақшасында судың қашаннан бастап тұрақты берілетінін айтып, сұрап жатыр.

«Біздің үйдің тұрғындары сусыз отыр. Алайда өтінішімізге ешкім жауап бермейді, су қашан болады?»,- деген тұрғындардың сөзін өзге көршілері де растап отыр.

"Түнде техникалық су берді.  Үйде ешкім жуына алмайды, біз екі ай бойы басқа жаққа барып жуынудан басқа амалымыз қалмады. Ауыз суды сырттан тасып әкелеміз, жауаптылар бізді құрғақ уәдемен тойдырып келеді", - деп жазды тұрғындар облыс әкімдігінің телеграмдағы арнасында.

Алайда жауапты "КЖСА" МКК аталған мекенжай бойынша ауыз судан ажырату жағдайы болмағанын айтып отыр. Жауапты тарап комиссиялық тексеру жүргізіп, себебін анықтаймыз деп уәде берген.

Бұған дейін Ақтауда судың тоқтатыл жағдайы бірнеше рет қайталанды. Мұның себебін суға жауапты мекеме қаладағы кейбір шағын аудандардағы жөндеу жұмыстарымен түсіндірді. Ал жылда ауыз судың тоқтап қала беруі ақтаулықтарды әбден қажытты деуге болады. Оның үстіне қала аумағының жылдан жылға кеңейе түсуі де су тапшылығын тудырып отырғанға ұқсайды. Астрахан-Маңғыстау құбыры арқылы келетін тіршілік көзінің елеулі бөлігін мұнай кен орындары қажетіне алып отыр.

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда тұрып қазақ тілінде қызмет ала алмау өте қорқынышты жайт - Меркуль

15.05.2024

«Тозақта өмір сүрдім». Күйеуінен зәбір көрген ақтаулық әйел бейнежазба жариялады

12.05.2024

«Әділдік және Өркендеу» қорының Маңғыстау өңіріндегі белсенділері қарттарға көмектесті

30.04.2024

Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан

22.04.2024

Су тасқыны: Еріктілер Құлсары қаласындағы Жем өзенінің сағасына қап төсеп жатыр

08.04.2024

Ақтаулық спортшы қызды зорлап, өлтірді деген күдіктіге үкім шықты

05.03.2024
MalimBlocks
Қазақстанда тұрып қазақ тілінде қызмет ала алмау өте қорқынышты жайт - Меркуль

Қазақстандық стендапер Александр Меркуль қазақ тілінің мәселесін көтерді

«Тозақта өмір сүрдім». Күйеуінен зәбір көрген ақтаулық әйел бейнежазба жариялады

Ол өзін қорғауды сұрап Президентке хат жазған

«Әділдік және Өркендеу» қорының Маңғыстау өңіріндегі белсенділері қарттарға көмектесті

Белсенділер өз қаражаты есебінен азық-түлік сатып алды.

Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан

Құқық қорғау органдары қызметкерлері видеодағы ер адам іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

Су тасқыны: Еріктілер Құлсары қаласындағы Жем өзенінің сағасына қап төсеп жатыр

Осы қап төсегеннің арқасында 5-ауыл су басудан аман қалды дейді тұрғындар.

Ақтаулық спортшы қызды зорлап, өлтірді деген күдіктіге үкім шықты

Валерияның туыстарының айтуынша, айыпталушы өз кінәсін мойындамаған.