Қарағандылық судья 9 жылға сотталды

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 10.08.2021

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ержан Ғабдуллин 9 жылға сотталды.

«Ғабдуллинге қатысты сот қабылданған анттың бұзылуын ауырлататын жағдай деп таныды және жасалған қылмыстар сот билігінің беделіне нұқсан келтіретінін ескерді. Осыған байланысты сот тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды әділ деп тапты», - делінген Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Ғабдуллиннен бөлек, «Оливия» ЖШС заңгері Е. Кантер-Скрипкина үш жылға сотталды.

Екі айыпталушыда өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Ержан Ғабдуллинға ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабының 3 тармағының 1 тармақшасы (алаяқтық) және 367 бабының 2 тармағы (пара беруге итермелеу) бойынша айып тағылған. Ал Кантер-Скрипкинаға Қылмыстық Кодекстің 23 және 367 баптары бойынша айыпталған.

«Ғабдуллин мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып жүріп алаяқтық жасады. Ол алдау арқылы «Оливия» ЖШС ісінде өзге судьяның шешіміне әсер етемін деп Кантер-Сприпкинадан 10 мың еуро және 3 млн теңге пара алған. Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, бейнежазбалармен, сот сараптамаларының қорытындыларымен расталды», - делінген мәлімдемеде.

 

 

Байланысты жаналықтар

Бишімбаевтың соты: жарыссөз 29 сәуірде басталады

24.04.2024

Алматы облысында пара алған судья мен сот приставы сотталды

24.04.2024

Судья Бишімбаев пен көріпкелдің хаттарын оқыды

23.04.2024

Бишімбаевтың адвокаты сот процесін «сотсымақ» деп атады – судья отырысты дереу тоқтатты

15.04.2024

Судья Бишімбаевтың екі адвокатын сот залына кіргізбей қойды

11.04.2024

Қарағанды облысында балаларын өлтірді деген күдікті әйел ұсталды

05.04.2024
MalimBlocks
Бишімбаевтың соты: жарыссөз 29 сәуірде басталады

Тараптарға сот жарыссөзіне дайындалуға уақыт беріледі.

Алматы облысында пара алған судья мен сот приставы сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Судья Бишімбаев пен көріпкелдің хаттарын оқыды

Сағат 15:01-де Бишімбаев көріпкелге: «Онда бәрі жақсы ма?» деп жазады.

Бишімбаевтың адвокаты сот процесін «сотсымақ» деп атады – судья отырысты дереу тоқтатты

Судья қорғаушы Газымжановқа қатысты сот отырысы барысында сотты бірнеше рет құрметтемегені үшін жеке қаулы шығару туралы мәселені талқылау қажет деп санайды.

Судья Бишімбаевтың екі адвокатын сот залына кіргізбей қойды

Сотқа кешігіп келген.

Қарағанды облысында балаларын өлтірді деген күдікті әйел ұсталды

Тергеу жүргізіліп жатыр.