Қажылыққа барып қамауда отыр  

Сауд араб елінде 100-ден аса қазақ қажылыққа барып құжаттары дұрыс болмағандықтан қамауда отыр.  

Malim Админ

  • 29.06.2023

Әлеуметтік желіде Сауд Арабиясында қазақтардың құжаттары дұрыс болмай шығып, қамалғаны хабарланған еді. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы мәселеге байланысты  «қазақстандықтарды қажылық жасатамыз деп Сауд Арабиясына апарып, алдап кеткен» жекеменшік Zam-Zam Qazaqstan атты компанияға өздерінің еш қатысы жоқ екенін, аталған компанияның қажылық бойынша қызмет көрсетуге қатысты тиісті лицензиясы жоғын хабарлады. Сонымен қатар «ҚМДБ жалған қажылық визаларын дайындады» деп жала жапқан «Zam Zam store»  компаниясының директоры Данияр Илиевтің үстінен сотқа шағым түсіретіндерін де жеткізді. Әзірге полиция бұл мәселе бойынша түсініктеме берген жоқ.

Биыл шетелден қажылыққа 1,8 млн адам барған екен. Оның ішінде 4 мыңы қазақстандық.

Байланысты жаналықтар

Меккеде садақа сұраған блогердің көздегені не?

05.10.2023
MalimBlocks
Меккеде садақа сұраған блогердің көздегені не?

Қажылыққа мұқтаждардан гөрі қалтасы қалыңдар баратын болды