Ресей консулына қазақтар сөйлейтін орыс тілі ұнамайды

Ресейдің бас консулы Евгений Бобров Қазақстанда орыс тілінің мәртебесі туралы пікірін білдіріпті.

Malim Админ

  • 24.08.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылды ТМД елдерінде орыс тілі жылы деп жарияласа да  Ресейдің бас консулы Евгений Бобров соңғы жылдары Қазақстанда орыс тілінің аясы тарылуда деген пікірде. Бас консул ТАСС-қа берген сұхбатында «орыс тілді мектептер мен сыныптар саны қысқарғанын, қазақ тілінде оқытатын бірінші сынып оқушыларына арналған бағдарламадан «орыс тілі» пәнінің алынып тасталуы, педагогикалық институттардың орыс тілінде мамандар даярлаумен айналысатын факультеттерінің қысқаруы кадрлық ресурстардың шектелуіне әкелгенін айта келіп, бұл құбылыстың объективті себептері орыс халқының Қазақстанда 15,2%-ға дейін азайғанынан» деп түсіндірген. Бірақ «теңдестірілген тіл саясаты, екі елдің білім беру және мәдени бастамаларды қолдау саласындағы ынтымақтастығы Қазақстандағы орыстілді мәдениеттің байлығын сақтауға және ұлт бірлігін нығайтуға ықпал ете алады»- деп атап өтті.

 

Байланысты жаналықтар

Бірінші жол: қазақ тілін өлтіру керек

25.12.2020

"Орыстар маған орысша сөйле деген емес"

29.10.2020

"Ташимова қазақша білмегені үшін таяқ жемепті"

29.10.2020

Украина орыс тіліндегі сабақтарды тоқтатты

15.03.2020
MalimBlocks
Бірінші жол: қазақ тілін өлтіру керек

"Орыстар маған орысша сөйле деген емес"

"Ташимова қазақша білмегені үшін таяқ жемепті"

Украина орыс тіліндегі сабақтарды тоқтатты