Сахнаға мас күйінде шыққан жұлдыздарға қандай жаза қолданылады? - Абаев жауап берді

Айшолпан КЕРІМ

  • 01.06.2022

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев сахнада өрескел әрекет жасаған "Ирина Кайратовна" тобына қатысты пікір білдіріп, топ мүшелеріне қатысты жаза қолданыла ма деген журналистер сұрағына жауап берді.

Журналистер әртістердің сахнаға мас күйінде шыққаны үшін қандай жауапкершілік енгізілетіні жайлы сұрады.

"Елімізде мыңдаған концерт өтеді, мұндай оқиғалар болып жатады. Бірақ әртістердің барлығы сахнаға мұндай күйде шықпайды. Біз бұл проблеманы жақсы білеміз және осы мәселемен айналысып жатырмыз", - деді Абаев.

Министр алдағы уақытта қолға алынатын шаралар туралы хабар беруге уәде етті.

Еске сала кетейік, 25 мамыр күні танымал топ "Ирина Кайратовна" мен Shiza (Асхат Жолшиев) есімімен танылған рэп орындаушының концерті өтті. Шара кезінде әртістер сахнада бұлапыт сөздер айтқан. Әнші Асхат Жолшиев қолына орап алған Қазақстанның туын адамдарға қарай лақтырмақ болған.

Кейінірек мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин осыған қатысты пікір білдіріп, оқиға жіті тексерілуі керек екенін айтқан еді. Артынша желіде "ИК" тобының мүшесі Азамат Маркленов видео түсіріп, концерттегі келеңсіздіктер үшін өз және Shiza атынан халықтан кешірім сұрады.

Байланысты жаналықтар

Қайрат Нұртас балағат сөз айтқаны үшін жазаланды

30.04.2024

Дәурен Абаев қызметінен кетті

25.04.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

Наурыз мейрамы Астанада қалай тойланады?

14.03.2024

Рымбаева концертін өткізуге әкімдіктен 111 миллион теңге сұраған ба?

28.06.2022

Арыстанбек үшін Абаевтың оставкаға кетуі мүмкін бе?

01.06.2022
MalimBlocks
Қайрат Нұртас балағат сөз айтқаны үшін жазаланды

Оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Дәурен Абаев қызметінен кетті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысы Сергей Лебедев Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды.

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

Наурыз мейрамы Астанада қалай тойланады?

Әкімдік Наурыз мейрамына арналған шаралар бағдарламасын жариялады.

Рымбаева концертін өткізуге әкімдіктен 111 миллион теңге сұраған ба?

Алматы қаласы әкімдігі қазақстандық үш өнер иесінің концерттерін өткізуге жалпы соммасы 220 миллион теңге жұмсамақ болған. Бұл туралы ақпаратты кәсіпкер Ерлан Нұрпейісов таратты. Ал қалалық мәдениет басқармасы бұл сметаны әртістер және коммерциялық компаниялар ұсынғанын айтады.

Арыстанбек үшін Абаевтың оставкаға кетуі мүмкін бе?