Сусыз қалған астаналықтар көшені жауып тастады 

Олар амалсыздан осындай әрекетке барып отыр

Malim Админ

  • 23.05.2023

Бүгін Астанадағы Bi City Tokyo тұрғын үйінің тұрғындар ауыз судың тоқтатылуына байланысты көшені жауып тастады. Олар билікке үні жетпегендіктен, амалсыздан осындай әрекетке барып отыр.   Елордалықтар соңғы кезде судың зардабын тартудай-ақ тартып келеді. 


Қала тұрғындарының көбейіп кетуіне байланысты суды шектеп отырмыз деген әкімдік қазір ескертусіз тоқтататынды шығарған. Жұмыс аптасын титықтап аяқтайтын азаматтар сенбі, жексенбіде көше-көшені кезіп су іздеуге мәжбүр. Дал болып түн ішінде «диуана» атанғандар азаймай тұр. Ол аз болса, алда су берілмейтін күнді болжайтын «көріпкел» болып кетеді екен.   

Нұргүл Аханқызы қаланың Алматы ауданындағы Айнакөл 56/1 тұрғын үйінде тұрады. Оның айтуынша, тұрғын үй кешенінің тұрғындары бір айдан бері   су  тапшылығынан зардап шегуде.

«Бастапқыда тек кешкілік, яғни түнгі 22.00-таңғы 8.00-ге дейін өшіріп жүрген. Оны да еш хабарламай ұзынқұлақтардан естіп сол жағдайға дайын болып жүрдік. Түнде суды қолданбайтынымыз анық. Одан кейін сенбі-жексенбі күндері күндізгі 15.00-ден кешкі 19.00-ге дейін өшіріп тастады. Осы кезде де тұрғындар қатты ашуландық. Өзіңіз ойлаңызшы, сенбі-жесенбі қалай күндіз екі суды да толықтай өшіріп тастайды. Кір жумаймыз ба, жаңа жұмыс аптасына дайындалмаймыз ба, үй жинау, демалыс күні келетін қонақтар бар. Не оны ескертпейді»,-дейді ол.     

Шағымданушы тұрғындар  «Астана су арнасының баспасөз хатшысына қоңырау шалыпты. «Біз суды толығымен өшірмейміз, тек сіздердің үйлеріңіздің су сорғысы  тым ескі деген жауап алдық. Одан дереу ОСИ-ға хабарластық. Ешқандай да ескі емес. Бізде бәрі жаңа. Олар тек бір көшедегі бірнеше үйдің суын өшіріп жүр» деген жауап алыпты.

Тұрғындар бізді әкімдік эксперимент сияқты пайдаланады. «Не сұмдық бұл. Заңды теле-радиорлардан, қағаз жүзінде ескерту жасауы  керек емес пе? Қалада тұрғындар көбейген дейді. Онда жаңа үйлерді салуды доғарсын» деп ашынып отыр. 

Астанадағы су проблемасы тіпті президент араласатын түйткілге айналды. Өткенде ғана Қасым-Жомарт Тоқаев әкім Жеңіс Қасымбекті қабылдап,  Астананы сумен қамту мәселесін шешіп, тапшылықты жоюды тапсырған.

«Сумен қамтудың резервтік көздеріне қатысты мәселе өзекті болып тұр. Су аз болатын кезде үлкен қауіп туындауы мүмкін. Қала сусыз қалады», - деген еді  Тоқаев. Астананы   сумен және жылумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысын тез арада аяқтау, сондай-ақ елорда тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу жөнінде де  бірқатар тапсырма бергені есте.

Жақында сенат  депутаты Бибігүл Жексенбай да елордадағы су тапшылығы мәселесін көтеріп, оны шешу үшін бірнеше ұсыныс айтқан. «Астана су арнасы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны сумен қамтамасыз ету бойынша жобалық қуаттардың жеткіліксіз екенін айтып, тұрғындарға суды кесте бойынша төмен қысымда беруге мәжбүр екенін жеткізген болатын. Сонымен қатар Есілдің сол жағалауынан көпқабатты үйлердің тығыз салынуы әсер етеді. Сондықтан алдағы уақытта қалада салынып жатқан көпқабатты үйлердің бәріне тексеріс жүргізіп, қанша мөлшерде су жұмсалып жатқанын есептеу керек», - деген еді  сенатор. 

Бірақ, ескертуді ескермей, тапшылықтың алдын алмаған әкімдік тұрғындардың жүйкесіне салмақ салып отыр. Қалада емес, шөлде отырғандай күй кешкен тұрғындар енді не істерін білмей дал. Ал «Астана су арнасы» мекемесі  суды сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін пайдалануға шақырып жатыр. Қиналған азаматтарды мысқылдағандай, молар  «Үй жұмыстарын  жұмыс күндеріне жоспарлауды ұсынамыз» депті. Егер бұл ыңғайсыз болса, техникалық суды КТС, Қорғалжын тас жолы 47,  Жансүгіров 7, Әл-Фараби 18К  мекенжайларынан сатып алуға үндепті.         

 

Байланысты жаналықтар

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

03.05.2024

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жаңбыр жауып, күн күркірейді

02.05.2024

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

02.05.2024

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

02.05.2024

Мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады

30.04.2024

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

29.04.2024
MalimBlocks
Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

Бүгін сотта айыпталушылардың қорғаушылары сөз сөйлейді.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жаңбыр жауып, күн күркірейді

Астанада 3 мамырда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр, қар жаууы мүмкін.

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

Бүгін тараптардың жарыссөзы болуы керек. 

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады

Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында түнде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал, күн күркіреп, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашынды ауа райы күтіледі.