Журналистерге қауіп төндірген Клебанов жындыханаға жіберілді

Жәбірленушілер полиция органдарына журналистерге қауіп-қатер төндіру, бұзақылық жасау, мүлікті зақымдау және жою деректері бойынша белгісіз тұлғаларға қатысты өтінішпен жүгінген

Malim Админ

  • 01.11.2023

Журналистердің кәсіби қызметіне кедергі келтірді деп айыпталған Аркадий Клебанов   психиатриялық клиникаға жатқызылды. 

Сот жеке өмірге және дербес деректерге қол сұқты, кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқық бұзушылық жасауға тартты, бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтірді деген айыппен Клебанов туралы істі қарады.

Жәбірленушілер полиция органдарына журналистерге қауіп-қатер төндіру, бұзақылық жасау, мүлікті зақымдау және жою деректері бойынша белгісіз тұлғаларға қатысты өтінішпен жүгінген.

Тергеу барысында 6 тұлғаның қылмысқа қатысты екені анықталды. Сонымен қатар,  күдіктілердің біріне екі сот-психиатриялық сараптамасы жүргізілді. Қорытындыларға сәйкес Клебанов созылмалы психикалық дертке шалдыққаны анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы бойынша оған қатысты материалдар мәселені қарастыру және медициналық сипаттағы еріксіз емдеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберілді.

Еске салайық, биыл наурыз айында журналистерге жасалған шабуылдардың тапсырыс берушісі қолға түскен болатын. Кейін жәбірленушілердің өтініші бойынша А.Клебановқа қатысты сот отырысы жабық режимде өтетіні белгілі болды. 

Байланысты жаналықтар

Аида Балаева сот отырысына қатысты журналистердің мүддесі қорғалатынын мәлімдеді

13.03.2024

DALA INSIDE арнасы Үкімет пен халықаралық ұйымдарға үндеу жолдады

19.02.2024

Ақша бопсалады деген айыппен журналистер ұсталды

21.04.2023

Депутаттар жоғарыда, журналистер жертөледе, Әшімбаев «биіктеп» барады

14.04.2022

Тоқаев жаңа мереке күнін енгізуді ұсынды

25.06.2021

Журналистер наразы азаматтардан ерекше болуы тиіс

11.06.2020
MalimBlocks
Аида Балаева сот отырысына қатысты журналистердің мүддесі қорғалатынын мәлімдеді

DALA INSIDE арнасы Үкімет пен халықаралық ұйымдарға үндеу жолдады

Қысымға тап болғанын хабарлайды және мұндай жағдайға алаңдаушылық білдіреді

Ақша бопсалады деген айыппен журналистер ұсталды

Бұған дейін әлеуметтік желіде журналистердің балаларының видео үндеуі тараған

Депутаттар жоғарыда, журналистер жертөледе, Әшімбаев «биіктеп» барады

Журналистер депутаттарды мазаламау үшін Сенат осындай қадамға барған.

Тоқаев жаңа мереке күнін енгізуді ұсынды

Журналистер наразы азаматтардан ерекше болуы тиіс