Әлем чемпионатының үшінші күні.  Қай құрамалар кездеседі? 

Malim Админ

  • 23.11.2022

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының үшінші күнінде, 23 қарашада F тобында екі кездесу өтеді.   Аталған топта алғашқы кездесуде Марокко және Хорватия құрамалары шеберлік байқасады. Ойын елорда уақытымен 16:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Африка құрлығының өкілдері дүбірлі додада алтыншы рет  бақ сынайды. Олар 1986 жылы 1/8 финалға дейін жетті. Ал хорватиялықтар биыл алтыншы мәрте айтулы аламанға келді. 2018 жылы күміс жүлдегер болды.

Екі құрама бұған дейін 1996 жылы жолдастық кездесуде 2:2 есебімен тең тарқасты. Аталған топтағы Бельгия мен Канада кездесуі «Qazsport» телеарнасынан елорда уақытымен 01:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.

Бельгиялықтар биыл әлем чемпионаты финалдық сатысына алтыншы мәрте келіп отыр. Олар 2018 жылы қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал Канада дүбірлі додаға осымен екінші мәрте келді. 1986 жылы топтық кезеңнен аса алған жоқ.

1989 жылы жолдастық кездесуде Бельгия аталған қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті. Бұл - әзірге екі құрама арасындағы жалғыз ойын.

Еске салсақ, бүгін, 23 қарашада Е тобында екі кездесу  өтеді.  

Сондай-ақ, 22 қарашада С тобында Аргентина Сауд Арабиясынан жеңілсе, Мексика мен Польша тең есеп тіркеді.  

Ал D тобында Франция Аустралияны ірі есеппен ұтса, Дания мен Тунис командалары  тең түсті.           

Байланысты жаналықтар

Қымбат Досжан Жәнібек Жұмағұловты саудалаған әйел анықталғанын айтты

25.04.2024

«12 мың доллар төлеп, сатып алдым»: Бельгиялық Жәнібектің өгей анасы оқиғасын айтты

15.04.2024

«Жауаптыларға тықыр таянды»: бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібекке қатысты ақпарат шықты

07.04.2024

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

27.03.2024

Қазақстан құрамасы Грекиядан ойсырай жеңілді

21.03.2024

Қазақстан – Грекия ойыны: Ұлттық құрама үшін наурыз сәтті ай  

21.03.2024
MalimBlocks
Қымбат Досжан Жәнібек Жұмағұловты саудалаған әйел анықталғанын айтты

Тіл білетіндіктен, аудармашы болып істеген.

«12 мың доллар төлеп, сатып алдым»: Бельгиялық Жәнібектің өгей анасы оқиғасын айтты

Ол Жәнібекті агенттіктер арқылы емес, делдалдың көмегімен асырап алғанын жеткізді.

«Жауаптыларға тықыр таянды»: бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібекке қатысты ақпарат шықты

Жәнібектің анасы болуы мүмкін деген болжаммен қан тапсырған 4 әйелдің анализінің қорытындысы шықты.

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

Қазақстан құрамасы Грекиядан ойсырай жеңілді

Қазақстан – Грекия ойыны: Ұлттық құрама үшін наурыз сәтті ай