Элизабет Тұрсынбаева спорттағы карьерасын аяқтады

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 21.09.2021

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлемнің вице-чемпионы Элизабет Тұрсынбаева спорттағы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді.

Бұл туралы 21 жастағы спортшы Instagram-парақшасында жазды.  

"Құрметті жанкүйерлер, кәсіпқой спортшы ретінде карьерамды аяқтамақпын. Бұл жаңалықты бөлісу қиын болып отыр...

Көп адам арқам көптен бері мазалап жүргенін біледі. Амал не, мен бұл жарақатты соңына дейін жеңе алмадым, сондықтан толыққанды жаттығу мүмкін болмай қалды.

Мен үшін өмірімде бұл тараудың аяқталуы жаңасы басталғанын білдіреді. Мен қазір Қазақстандамын және жыл соңына дейін осында жұмыс істеймін, балаларға көмектесемін, шабыттандырамын және олармен өз тәжірибемді бөлісемін. Мен әрқашан өз елімде мәнерлеп сырғанауды дамытқым келген, ақыры осындай мүмкіндікке ие болдым", - деп жазды.

Сонымен қатар, спортшы ата-анасына, бапкерлеріне алғыс білдірді. 

Лиза Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2019), Қазақстанның үш дүркін чемпионы (2014, 2015, 2016), Жасөспірімдер Қысқы Олимпиядасының қола жүлдегері (2016).

https://www.instagram.com/elizabetkz/?utm_source=ig_embed&ig_rid=ba102eda-f242-4da2-9d7e-b410dce3ff12

Байланысты жаналықтар

Өзбекстаннан келген қазақ баласы «Elorda Cup» турнирін нокдаунмен бастады

13.05.2024

«Қазақша айтасыз ба, түсінбей жатырмын». Қазақстандық дзюдошы сұрақты қазақша қоюды сұрады

12.05.2024

Қуат Хамитов 40 жастағы ресейлік файтерден жеңілді

11.05.2024

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Қазақстан жарыстың екінші күнінде екі қола еншіледі

11.05.2024

Қазақ қызы Ғалия Тынбаева Астанадағы халықаралық жарыста чемпион атанды

10.05.2024

Боксшы-шенеунік: Антикор басшысының рингтегі видеосы қызу талқыланып жатыр

10.05.2024
MalimBlocks
Өзбекстаннан келген қазақ баласы «Elorda Cup» турнирін нокдаунмен бастады

Өзбекстаннан тарихи Отанына оралған боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді

«Қазақша айтасыз ба, түсінбей жатырмын». Қазақстандық дзюдошы сұрақты қазақша қоюды сұрады

Ол Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды

Қуат Хамитов 40 жастағы ресейлік файтерден жеңілді

Осылайша Қуат Хамитов кәсіби ММА-де тоғызыншы рет жеңіліске ұшырады

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Қазақстан жарыстың екінші күнінде екі қола еншіледі

Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге бір алтын және үш қола медаль бар.

Қазақ қызы Ғалия Тынбаева Астанадағы халықаралық жарыста чемпион атанды

Бүгін Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam басталды.

Боксшы-шенеунік: Антикор басшысының рингтегі видеосы қызу талқыланып жатыр

Видео биыл 9 наурызда жарияланған.