Мемлекет меншігіне өткен "Алматы арена" мен "Халық арена" қалай өзгереді?

Malim Админ

  • 12.02.2025

Алматыдағы бірқатар спорт объектілерінде биыл жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олардың қатарында – «Алматы арена», «Халық арена», Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы бар. Бұл туралы 

KAZINFORM сайты жазды.

Былтыр Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 5 өңірде спорт нысандары мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлаған болатын. Олардың қатарында Алматы қаласында бұрын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында өтеусіз негізде жеке ұйымның басқаруында болған «Халық арена» және «Алматы арена» кешендері болды.

Осы орайда, Kazinform агенттігі бұл нысандардың қазіргі жай-күйі мен болашақ жоспарларын анықтау үшін қала әкімдігіне сауал жолдады. Агенттік сұрағына Алматы қаласының спорттық ғимараттары дирекциясы жауап берді.

– «Алматы арена» және «Халық арена» спорт объектілері Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі объектілерді сенімгерлік басқару туралы № 4 келісімшарт негізінде 2024 жылғы 9 шілдеден бастап «Алматы қаласының спорттық ғимараттары дирекциясы» ЖШС-не сенімгерлік басқаруға берілді. Келісімшарт Алматы қаласының Спорт басқармасымен жасалған, - делінген компания жауабында.

Сондай-ақ ресми жауапқа сәйкес, Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы да 2024 жылғы 2 желтоқсаннан бастап Алматы қаласының спорттық ғимараттары дирекциясына сенімгерлік басқаруға берілген. Бұл келісімшарт Алматы қаласының Мемлекеттік активтер басқармасымен жасалған.

Жалпы спорттық ғимараттары дирекциясының мәліметінше, объектілерді тиісті жағдайда ұстау және іс-шараларды өткізу шарттарын жақсарту мақсатында әр нысанда жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, биыл «Алматы аренада» нысанның ішкі үй-жайы мен суағар жүйесі жаңартылады. Ал «Халық арена» нысанында шатыр жабынын, гидрооқшаулау жүйесін және суағар жүйесін жөндеу жоспарланып отыр. Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында осы жылы өрт дабылы жүйесі, инженерлік желілер және тоңазытқыш жабдықтары жаңартылады.

Қаладағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің күйі қалай

Алматыда бұқаралық спортты дамыту үшін жыл сайын қаланың әр ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылып келеді. Біз қалалық Спорт басқармасына сауал жолдап, алдағы уақытта шаһардың қай тұсында спорттық нысандардың бой көтеретінін сұрадық. 

Басқарма жауабына сәйкес, бүгінгі күні қалада заманауи талаптарға сай, спорттың көптеген түрлерін дамытуға мүмкіндік беретін 6 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені бар. 2022 жылы Жетісу ауданында 3 жаңа кешен, 2024 жылы Алатау, Медеу, аудандарында бір-бір кешен пайдалануға берілген. Биыл ақпан айының ішінде Түрксіб ауданында тағы бір кешеннің ашылу жоспарланып отыр.

– Қазіргі уақытта Жетісу ауданының Ақжар, Шұғыла, Саялы ықшам аудандарында және Авиатор стадионында төрт жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы спорттық орталық құрылысы жоспарланған. Жобалау жұмыстары 2025 жылы аяқталып, құрылыс басталуы қажет, - делінген басқарма жауабында.

Спорт басқармасының мәліметінше, бұл спорт кешендерінде 9 982 бала жаттығады.

Бұған дейін Түрксіб ауданында құрылысы ұзаққа созылған дене шынықтыру-сауықтыру кешені туралы жазғанбыз.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Байланысты жаналықтар

"Қызыл аймақтағы" Алматы: "70 науқасқа 1 дәрігер. Барлығы шаршаған"

13.04.2021
MalimBlocks
"Қызыл аймақтағы" Алматы: "70 науқасқа 1 дәрігер. Барлығы шаршаған"