Қос мықтымыз қатыспайды. Қазақстан Сан-Мариноны жеңе ала ма?

Нақты кімнің қай позицияда шығып, өнер көрсететіні айтылмады.

Malim Админ

  • 17.11.2023

Бүгін Астанада дүбірлі доп додасы өтеді! Кешкі сағат 21:00-де, "Астана - аренада" футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Сан-Мариноға қарсы жауапты ойын өткізеді. Құраманың бас бапкері Магомед Адиев матч бойынша жоспарын бөлісіп, ойыншылардың дайындығы жайында пікір білдірді. Айта кетейік, бұл ойынға құраманың сайыпқыран футболшылары Бахтиёр Зайнутдинов пен Асхат Тағыберген жарақатына байланысты қатыса алмайды. Бірақ, бас бапкер Адиев  екі мықтының жоқтығын білдіртпейміз дейді. Алайда, нақты кімнің қай позицияда шығып, өнер көрсететінін ашып айтқан жоқ. Егер қазір бүкіл жоспарды айтып тастасақ, қарсылас біліп алып, соған орай тактика қоюы мүмкін.

«Бізде ойыннан бір адам шығып қалса, ойынды соған ыңғайластырып ұйымдастыру деген жоқ. Біз бір командамыз, бәріміз жұмыла жұмыс істейміз. Әрине Бахтиёр мен Асхаттың осындай ойын алдында жарақат алғаны өкінішті. Дегенмен, басқа жігіттер де осал емес. Барымызды салып, жеңуге тырысамыз», - деді Магомед Адиев.

Ұлттық құраманың негізгі ойыншысы Абзал Бейсебеков алдағы екі ойын да финал ретінде болатынын айтады. Өйткені, бізге топтық кезеңге өту үшін тек жеңіс керек. Сондықтан, ол  әріптестерінің екі ойында да соңғы минутқа дейін бар тәжірибесін салып ойнайтынын айтты.

«Қолдауды қатты сезінеміз, баяғыдай емес. Бүгін аншлаг болады. Алдағы екі ойынды жеңсек, жанкүйерлер «Германияға барамыз» деп отыр. ЕУРО-ға шығуға аз қалды. Бүгінгі матчқа 100% дайынбыз», - дейді Ұлттық құраманың ойыншысы А.Бейсебеков.

Күні кеше Қазақстанмен қатар Сан-Марино командасы да баспасөз мәслихатын өткізді. Олардың бұған дейін қарсыластарынан жеңіліп келе жатқанын да айта кету керек. Қазір Қазақстан құрамасы Н тобында 15 ұпаймен үшінші орында тұр. Ал бізбен бәсекелес Сан-Марино командасы көш соңында келеді. Бүгін стадионда ине шаншар жер болмайды. Себебі, билеттер толығымен сатылып кеткен. Көбі алыпсатарлардың қолында жүр.

Жауапты матч алдында Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы Ермұхамед Мәуленнен  өз болжамын сұрап көрдік. Оның пікірінше, Қазақстан 3:0  есебімен Сан-Мариноның тас-талқанын шығарады. Дегенмен, бәсеке қалай аяқталатынын ойын көрсетеді.  Естеріңізге сала кетейік, бүгін қос құраманың тартысын сағат 21:00-де  «Астана арена» стадионынан көтер аласыз. Баруға мүмкіндігі жоқ көрерменнің доп додасын Qazsport және Qazaqstan арналарынан тамашалалауға мүмкіндігі бар.

Естеріңізге саламыз, футболдан ЕУРО-2024 чемпионатына жалпы саны  24 команда қатысады. Оның 11-і анықталып қойды. Олар – Мажарстан,  Словакия, Франция, Португалия, Бельгия, Испания, Шотландия, Түркия, Англия мен Аустрия жолдама алды. Германия ұйымдастырушы ел ретінде іріктеусіз қатысады.

Байланысты жаналықтар

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

27.03.2024

Қазақстан құрамасы Грекиядан ойсырай жеңілді

21.03.2024

Қазақстан – Грекия ойыны: Ұлттық құрама үшін наурыз сәтті ай  

21.03.2024

Грекия мен Қазақстан арасындағы матч қайда өтеді?

22.11.2023

Euro 2024: Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді

10.09.2023

Сенсация. Қазақстан құрамасы Данияны 3:2 есебімен жеңді

26.03.2023
MalimBlocks
Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

Қазақстан құрамасы Грекиядан ойсырай жеңілді

Қазақстан – Грекия ойыны: Ұлттық құрама үшін наурыз сәтті ай  

Грекия мен Қазақстан арасындағы матч қайда өтеді?

Командалар Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалдық кезеңінде бәсекеге түседі

Euro 2024: Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді

Алаңның екі қанатынан жиі шабуыл ұйымдастырды

Сенсация. Қазақстан құрамасы Данияны 3:2 есебімен жеңді

Екі команда бұған дейін төрт мәрте кездескен