Шымбұлақ Гиннесс рекордтар кітабына енді

«Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» номинациясы бойынша

Malim Админ

  • 27.03.2023

«Шымбұлақ» тау шаңғысы кешені ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына кірді.  Курорт  «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.

Тау шаңғы курортының бас директоры Ринат Абдрахмановқа әлемдік рекордты растайтын сертификатты Guinness World Records офисінің судьясы Шейд Субаши-Гемиджи табыстады. 

Сертификат табыстау  және рекорд нәтижесін  ресми тіркеу  теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте «Талғар асуы» станциясында өтті.

«Шымбұлақ» тау курорты әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы ретінде ресми түрде Гиннес рекордын алғаны туралы сіздерге хабарлауға қуаныштымын. Бұл әлемдегі жаңа рекорд», - деді Шейда Субаши-Гемиджи.

Ринат Абдрахманов бұл оқиғаның маңызды екенін айтып, 5 жыл бұрын шаңғымен түнгі сырғанау жолын ашу арманы болғанын, қазір  арманы шындыққа айналғанын жеткізді. Ол жиынға қатысушыларды алға ұмтылуға шақырды.

Байланысты жаналықтар

"Шымбұлақ" мерейтойлық маусымын ашады

22.12.2023

"Миллионер" «Шымбұлақ» жаңа маусымын ашты  

24.11.2022

Шымбұлақта апаттың алдын алу үшін қар көшкіні жүргізілді

31.03.2022

Шымбұлақ жұмысын жалғастырады

12.01.2022

Екі тау курортында бір абонементпен шарықта

02.09.2021

Алатаудың бөктерін офшорда жүрген кәсіпкер алыпты

29.05.2020
MalimBlocks
"Шымбұлақ" мерейтойлық маусымын ашады

"Шымбұлақ" осы сенбі - 2023 жылғы 23 желтоқсанда мерейтойлық маусым басталатынын хабарлайды. Курорттың ашылғанына 70 жыл!

"Миллионер" «Шымбұлақ» жаңа маусымын ашты  

«Шымбұлақ» былтыр, яғни, 2021-22 жылғы маусымда жеке рекордын жаңартты. Кез келген туристік орталықтың өлшемі келушілермен өлшенеді, бұл жағынан біз айтып отырған тау-шаңғы курортының даму қарқынын пандемияға дейін және пандемиядан кейін деп, екі кезеңге бөлуге болады.

Шымбұлақта апаттың алдын алу үшін қар көшкіні жүргізілді

Алматы қаласының тауларында қар көшкінінің жүру қаупі болғандықтан, құтқарушылар профилактикалық қар түсіру жұмысын жасап жатыр.

Шымбұлақ жұмысын жалғастырады

Екі тау курортында бір абонементпен шарықта

Шымбұлақ пен Oi-Qaragai тау курорттары біріңғай маусымдық абонементті шығарады. Осы абонемент алматылықтар мен қала қонақтарына екі курорттағы қызметтерін тамашалауға мүмкіндік береді.

Алатаудың бөктерін офшорда жүрген кәсіпкер алыпты