Миллиардер Англиядағы ақшасына аң-таң

Malim Админ

  • 07.12.2020

Бүгін Болат Өтемұратовтың атынан компаниялар тобының қызметкерлеріне хат тарады. Онда Өтемұратов өзіне мүлкіне ағылшын сотының салған санкцияларына қатысты пікірін айтқан.

Олигарх бұл істі репутациясына кедергі келтіріп, бизнесіне залал тигізбек болғандардың әрекеті деп түсіндірген. Хаттың растығын «Верный Капитал» компаниялар тобының баспасөз қызметі растаған.  Хат мәтінінің мазмұны былай:

«Қазір жұрттың көбі жазып, айтып жатқан жайттарға қатысты жеке өзім сіздерге хат жазуды дұрыс деп шештім. Өйткені бұл өте маңызды.

Өткен аптаның аяғында ағылшын сотынан электронды почтамызға «Верный Капитал» компаниялар тобының қаржысына бұғаттау қойылған туралы құжаттар тізімі келді. Бұл БТА банк ісіне қатысты делінген.

Таңғалғанымды жасырмаймын. Жедел түрде анығын білуге кірістік. Заңгерлер соттың шешімі жалған құжаттар негізінде шыққанын анықтады. Қазір сол шешімнің күшін жою үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұған біраз уақыт керек, бірақ бәрі дұрыс шешілетініне сенімдімін. Қазір іс қайта қаралып жатқанда, мен ресми түрде ештеңе айтпаймын. Барлық компаниялар қалыпты режимде жұмысын істей береді.

Қазір маған сіздердің сенімді болғандарыңыз керек. Бұл жағдайлардың бәрі сіздерге, отбасыларыңызға қалай әсер етіп жатыр екен деп уайымдаймын. Қаншама сұрақтар туындағанын да ойлап отырмын. Бұлыңғыр, түсініксіз жағдайлар тұтунышылар мен достардың, жақындардың қарым-қатынасына әсер ететінін түсінемін.

Қазір бір ғана нәрсе айта аламын. Бұл менің және компанияларымның репутациясын шайқап, бизнесімді ақсатуға жасалған шабуыл. Біз өзіміздің ақ екенімізді дәлелдейміз.

Өз мақсатымызды орындау жолында және компаниялардың, тұтасымен алғанда елдің даму ісінде сабыр сақтап, жұмыс істей беруге шақырамын».

Айта кетейік, 1-ші желтоқсан күні Ұлыбритания азаматтық соты Болат Өтемұратовтың 5 миллиард долларын бұғаттағаны туралы ақпарат шықты. Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, бұл бұғаттау Қазақстанда аты шулы «БТА Банк» ісімен байланысты. Британиялық сот олтгарх Өтемұратовты «БТА банктен ұрланған ақшаны жасыруға қатысы бар» деп айыптайды екен.

Ал Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған ДВК басшысы Мұхтар ӘБЛЯЗОВ «Болат Өтемұратов үй қамақта»  деп ақпарат таратқан еді.

Бұған дейін қазақстандық миллиардердің өкілі Ерлан ОСПАНОВ мәлімдеме жасап,  британиялық соттың шешімі Болат ӨТЕМҰРАТОВТЫҢ бизнесіне еш кедергі келтірмегенін айтқан болатын.

«Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов КазТАГ журналистерінің сауалына:

«Барлық активтерді пайдалану бойынша ағылшын сотының шешімін алдық. Бұл шектеулер Болат Өтемұратов иелік ететін банк, отель, теле-операторлар, мейрамханалар, тау-кен орындарына қатысы жоқ. Активтерді бұғаттау меншік иесінің құқығын шектемейді және бизнесіне кедергі келтірмейді», – деп жауап берген болатын.

Байланысты жаналықтар

Назарбаевтың інісі Самат Әбіш шартты түрде 8 жылға сотталды – Депутат

20.03.2024

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

18.09.2023

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

20.07.2023

Елбасы аппаратының қызметкерлері қысқарды

19.07.2023

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

12.07.2023

Ғ.Жақиянов: Путиннің дәуірі аяқталған соң не болмақ?

11.07.2023
MalimBlocks
Назарбаевтың інісі Самат Әбіш шартты түрде 8 жылға сотталды – Депутат

Бұл туралы Ермұрат Бапи әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

Жауаптардың құпия болуы Самат Әбішті жасырып қалу үшін жасалған

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

Шығыс Қазақстан облысы Тоқаевты мадақтайтын бейнероликке 5,2 миллион теңге жұмсаған.

Елбасы аппаратының қызметкерлері қысқарды

Мемлекеттiк саяси қызметшiлер тiзiмiнен Елбасы аппаратының қызметшiлерi алынып тасталды.

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

Путиннен кейін орыс «көке» болмайды

Ғ.Жақиянов: Путиннің дәуірі аяқталған соң не болмақ?

Біз Ресейге тәуелді боп қала береміз бе, әлде енді шығысымыздағы «ұлы» көршіміздің бодандығына кіреміз бе?