Бұл сайлауда тәуелсіз бақылаушыға жол жоқ

Malim Админ

  • 07.12.2020

Орталық сайлау комиссиясы бақылаушылар құқығын шектейтін қаулы қабылдады. Тәуелсіз бақылаушылар бұл қаулыны "Сайлау туралы" конституциялық заңға қайшы дейді.

Baqylau жобасының тренерлері Бэлла Орынбетова мен Ғалымжан Оразымбет бірнеше айдан бері сайлауға қатысатын бақылаушыларды тренингтен өткізіп жүр. Аймақтарды аралап, бақылаушыларды оқытқан белсенділер соңғы айда онлайн тренингтер өткізуге көшкен. "Осы күнге дейін 100 шақты бақылаушы оқыттық", - дейді Ғ.Оразымбет.

Алайда көптеген бақылаушы сайлауға дайындыққа кіріскен тұста Орталық сайлау комиссиясы күтпеген жерден олардың құқығын шектейтін қаулы қабылдады. 4 желтоқсан күні ОСК сайтында жариялаған қаулыға қарағанда, сайлауды жарғысында бақылау қызметі жазылған қоғамдық ұйымдар ғана бақылай алады. Бұл сайлауға тәуеліз бақылаушы жібермек болған көптеген ұйымдардың жоспарына кедергі келтіреді.

Өткен президент сайлауында 100 шақты бақылаушыға куәлік берген, осы жолы кемі 300-500 бақылаушыны жібереміз деп жоспарлаған "Еркіндік қанаты" қоғамдық қорының заңгері Роман Реймер "Еркіндік қанатының" жарғысында сайлауды бақылау қызметі көрсетілмеген дейді. Заңгер ОСК қаулысы "Сайлау туралы" заңға қайшы дейді. "Иерархия бойынша "Сайлау туралы" конституциялық заңның күші қаулыдан жоғары. Сол заңда сайлауды бақылауға қатысатын коммерциялық емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің тіркеуі туралы талап қана жазылған. Басқа талап көрсетілмеген. Осылайша ОСК өзінің ойынша сайлауды бақылауға құқығы жоқ ұйымдарға қолдан кедергі жасап отыр. ОСК қаулысында ұйым жарғысында нақты не жазылуы керектігі нақты көрсетілмеген. Сондықтан ОСК-ға жарғыда сайлауды бақылау қызметі көрсетілмеген ұйымдар сайлауды бақылауға қатыса ала ма деген мәселе бойынша сауал жолдадық", - дейді Р.Реймер.

Бұған дейінгі сайлауларда заңбұзушылықтарды фото және видеоға түсіріп, дәлелдеп жүрген бақылаушылар бұл жолы ондай мүмкіндіктен қағылуы мүмкін. Қаулыда "Дербес деректер мен оларды қорғау туралы" заңға сүйенген ОСК фото және бейнетүсірілім адамдардың келісімімен ғана іске асуы керек деген талап қояды. Сондай-ақ учаскелік сайлау комиссиясы фото, дыбыс пен бейнежазба жүргізілетін байқау аймағын айқындайды. Ал тікелей видеотрансляцияларға мүлде тыйым салынған.

"Осы қаулыға дейін нақты іс-әрекет жоспары дайын тұрды. Бақылаушыларды тіркеп, оларға куәлік бере бастаймыз деп жоспарладық. ОСК қаулысы бұл жоспардың быт-шытын шығарды. Бұл тәуелсіз бақылаушыларды сайлау учаскелеріне кіргізбеу үшін жасалып жатыр", - дейді Ғалымжан Оразымбет.

"Тренингтерге бақылаушыларға сайлау учаскелерінде еркін жүріңдер, видеоға түсіріңдер дейтінбіз. Енді мына қаулыдан кейін бақылаушы сайлау кезінде заңбұзушылықты көріп, оны жасаған адамнан түсіруге рұқсат сұраса, әлгі адам рұқсат бермесі анық. Тікелей трансляция да жүргізе алмайды. Бұған дейін бақылаушыларға бір адамның нұсқауын емес, тек қана конституциялық заңды басшылыққа алу керек деп келсек, енді қаулыда әрбір сайлау учаскесіндегі сайлау комиссиясының төрағасына бағынуы тиіс делінген. Заңгерлер бұл қаулының үстінен шығам түсіріп жатыр. Мүмкін, қаулының күші жойылатын шығар", - дейді Б.Орынбетова.

"Еркіндік қанаты" қоғамдық қорынының заңгері Роман Реймер ОСК қорды сайлауды бақылауға қатыстырмаса, сотқа шағым түсіретінін жеткізді. Дей тұрғанмен ОСК "Еркіндік қанатын" басқа себеппен де қатыстырмай тастауы мүмкін. Таяуда бірқатар үкіметтік емес ұйым мен қоғамдық бірлестіктерге тексеріс жасаған салық органдары салық есептілігінің 017.00 және 018.00 формаларын толтырудағы қателіктерді сылтауратып, ескерту хаттарын жолдаған. Ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте формаларды толтырудағы қателіктер үшін қатаң жаза қарастырылған. Егер қате ақпарат бергені анықталатын болса, коммерциялық емес ұйымға 500 000 теңге айыппұл және 3 айға дейін жұмысын тоқтату (460-1 бап) жазасы төніп тұр.

Салық органдарынан мұндай ескертуді "Еркіндік қанаты" ғана емес, тәуелсіз бақылаушыларды сайлауға қатыстыратын "Эхо" ұйымы да алған.

Роман Реймердің айтуынша, 7 желтоқсан күні астанадағы Есіл аудандық салық органы бұл істі қарауды 21 желтоқсанға қалдырған. "Біз ғана емес, басқа бірнеше ұйым да бүгін салық органына бардық. Барлық ұйымның әкімшілік ісін 21 желтоқсанға қалдырды. Мұның нақты себебін болжау қиын. Дегенмен әкімшілік кодекстің 460-бабы 1-тармағы бойынша ұйымның қызметін үш айға тоқтата тұру жазасы қарастырылған. Егер 21 күні шешім шығарса, ар жағында Жаңа жыл мерекесң басталып, шешімнің үстінен шағымдануға уақыт қалмауы мүмкін", - дейді ол.

Өткен президент сайлауының қарсаңында экзитпол институтын жойып, қолдан экзитпол жасаған билік сайлау учаскелерін тәуелсіз бақылаушылар жаппай қадағалайды деп күтпесе керек. Саяси партияларға да, кандидаттарға да қатысы жоқ тәуелсіз бақылаушылар көптеген заңбұзушылықты әшкереледі. Бақылаушылар белсенділігінен сескенген билік осы жолғы сайлауға оларды қатыстырғысы келмейтіні содан.

"Билік былтыр ең басты кедергі бақылаушылар екенін көрді. Бақылаушылар жұртты наразылыққа алып шығуы мүмкін. Көрші елдер мен Беларусьтегі жағдайға қарап қорқып тұрған шығар", - дейді Б.Орынбетова.

Тәуелсіз бақылаушылар билік сайлауды бақылайтын қуыршақ ұйымдарды саңырауқұлақша көбейтіп, сайлауды бақылауға қатыстыруы мүмкін деп қауіптенеді.

АҚШ елшілігі бүгін Twitter-дегі жазбасында Қазақстанның тәуелсіз бақылаушылар мен азаматтық қоғам өкілдеріне 10 қаңтарда өтетін сайлауды бақылау үшін кедергі келтіру мүмкін шектеулерге алаңдау білдіретінін жеткізді. "Сайлау процесіне кедергісіз қол жеткізу ЕҚЫҰ міндеттемелерінің негізгі аспектісі", - делінген мәлімдемеде.

 

Байланысты жаналықтар

Мәжіліске өткен партиялар анықталды

27.03.2023

Продиктуйте ИИН. Как уберечь свои данные, объясняет эксперт

14.12.2022

Мы думали, что выборы пройдут по-другому – фонд «Еркіндік қанаты»

22.11.2022

В Казахстане уничтожают независимое наблюдение за выборами – эксперт

10.11.2022

Президент болғысы келмейтін кандидаттар

12.10.2022

"Тәуелсіз бақылаушыларды белгісіз бақылаушылар бақты"

11.01.2021
MalimBlocks
Мәжіліске өткен партиялар анықталды

Мәжіліс депутатының мандаттары қалай бөлінді?

Продиктуйте ИИН. Как уберечь свои данные, объясняет эксперт

Цифровизация значительно облегчила жизнь казахстанцев. Большинство граждан согласны передавать свои ИИНы и поликлинике, и менеджеру в спортзале, и любому офисному клерку, желая побыстрее решить свои проблемы. Но иногда доступ к идентификационным кодам посторонних людей может обернуться большими проблемами. Об этом мы беседуем с правозащитником, соучредителем фонда «Еркіндік қанаты» Романом Реймером.

Мы думали, что выборы пройдут по-другому – фонд «Еркіндік қанаты»

В фонде «Еркіндік қанаты» сообщили об удалении 11 наблюдателей в день выборов с 13 избирательных участков. Восемь из них в Астане, два – в Туркестанской области и еще один в Алматы. Наблюдатели рассказали, какие нарушения были замечены ими в ходе выборов в разных регионах страны.

В Казахстане уничтожают независимое наблюдение за выборами – эксперт

Безмолвная группа людей, сидящая на избирательном участке в сторонке, редко привлекает внимание казахстанцев, но все больше обращает на себя внимание властей. Это о них, независимых наблюдателях, в этом году так часто говорили в парламенте. Депутаты даже решили перекроить выборное законодательство, называя вводимые поправки своевременными и нужными. О том, так ли это на самом деле, и к чему готовится команда независимых наблюдателей фонда «Еркіндік қанаты» на предстоящих выборах, мы поговорили с его соучредителем, юристом Романом Реймером.

Президент болғысы келмейтін кандидаттар

Елеусізов пен Қосановтың ізбасарлары Жаңа Қазақстанда да көп.

"Тәуелсіз бақылаушыларды белгісіз бақылаушылар бақты"