Талдықорғанда студенттер үйі берілді

Malim Админ

  • 07.12.2020

Бүгін Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында екі бірдей студенттер үйі қолданысқа берілді. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Талдықорғандағы жоғарғы политехникалық коледжі мен жоғарғы медициналық коледжінің студенттер үйі ашылды. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, студенттердің әлеуметтік жағдайы қашан да маңызды. Жастарға бірінші кезекте білім алу үшін жағдай жасалуы керек. Жатақхана жайлы болса жастарымыз білімді һәм кәсіби маман болып шықпақ.

«Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВ әлеуметтік саланы жаңғырту үшін «Бес әлеуметтік бастаманы» ұсынған болатын. Соның аясында студент жастарға жайлы жағдай жасау мақсатында облысымыздың тоғыз білім мекемесіне арнап 1718 орындық тоғыз жатақхана салу жоспарланған еді ғой. Осыған сәйкес Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне бір Студенттер үйі және Қаратал ауданы Бастөбе ауылындағы сервистік-техникалық колледжінің жатақханасы қолданысқа берілді. Енді міне бүгін Талдықорған қаласындағы жоғарғы политехникалық және медициналық колледждерінің Студенттер үйін жастардың игілігіне беріп отырмыз. Бұл қос студенттер үйін салуға облыстық қазынадан 4,4 миллиард теңге бөлінген еді. Бұл жетісулық жастар үшін үлкен сый деп білемін», - деді облыс басшысы Амандық БАТАЛОВ Студенттер үйінің салтанатты ашылу рәсімінде.

Өткен ғасырдың 1964 жылы құрылған оқу орнында бүгінге екі жарым мың жас білімін жетілдіріп жатыр. Білім ордасында екі жүз орындық жатақхана бар. Алайда, студенттерге ол аздық еткен еді. Енді тәлімгерлер тұрғылықты жерден таршылық көрмейтін болды. Қазір қашықтықтан оқып жатқан студенттер келер оқу жылында кең сарайдай су жаңа Студенттер үйіне орналасатын болады.

«Жағымды жаңалықты әлеуметтік желіден оқып біліп жатырмыз. Политехникалық колледжінің екінші курс студентімін. Болашақ мамандығым құрылысшы. Қазір онлайн сабақ өтіп жатырмыз. Тезірек коронавирус аяқталып жаңа жатақханамызға барсақ қой. Былтыр бірінші курс болғандығым еленіп бөлме алған едім. Енді уайымдап жүр ем. Жаңа Студенттер үйі ашылғаны жақсы болды», -дейді МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне аталған білім ордасының студенті Марат Кенжехан.

Жаңадан салынған Студенттер үйінде жастарға барлық жағдай жасалған. Бес студентке арналған ортақ ас бөлме бар. Компьютерлік бөлме мен кітапхана және медициналық бөлімше де жұмыс жасап тұрады. Жатын бөлмелер кең. Тамаша ғимаратты тұрғызған «Сем-Шоғы Құрылыс-Сервис» ЖШС құрылыс компаниясы. Әзірге жаңа нысанда ата-ана қамқорлығынсыз қалған жиырма бес және инклюзивті топта білім алып жатқан сегіз жас тұрып жатыр.

Сондай-ақ, Амандық ҒАББАСҰЛЫНЫҢ қатысуымен облыс орталығындағы жоғарғы медициналық колледж студенттеріне арналған ғимарат та ашылды. Жатақхана бес қабаттан тұрады. Екі жүз сексен орындық.

«Бұл жерде болашақ дәрігерлер мен мейірбикелер тұрады. Пандемия кезінде осы медициналық колледждің студенттері жап-жас болып халықтың денсаулығы үшін күресті. Білімдерін толық алмасада өте үлкен көмек көрсетті. Енді заманға сай мынандай жатақханада тұрады. Бастысы жақсы оқып, өз салаларының үздігі болса. Құтты болсын айтамыз», - деді облыс басшысы Амандық БАТАЛОВ Студенттер үйінің салтанатты ашылу рәсімінде.

Студенттер үйін салған «Жөндеу құрылыс» ЖШС-нің басшысы Жандулла ӘБДІМҰРАТОВ жоғарғы медициналық колледж директорына су жаңа нысанның кілтін табыстады.

«Біздің оқу орын Талдықорғандағы тарихи білім ордаларының бірі. Биыл бізге сексен бес жыл. Бұл сәулетті ғимарат студенттер тұратын жер ғана емес, болашақ небір мықты хирургтар мен прфессорлар түлеп ұшатын шаңыраққа айналады деп сенемін. Сіздерге рақмет», - деді  Талдықорған жоғарғы медициналық колледжінің директоры Серік МАКСИМҰЛЫ.

Жоба құны 956 миллион теңге. 112 бөлмеден тұратын нысанды салу үшін ақша облыстық бюджеттен бөлінген.

«Бұл студенттер үйінің бұрынғы жатақханадан айырмашылығы бұл жерде барлығы бөлек-бөлек жасалған. Яғни әр студенттің өз тоңазытқышы, газ плитасы, теледидары бар. Тіпті раковина мен жуынатын жерлері де бөлек. Бізге осындай жағдай жасап жатқан соң біздің міндет жақсы сабақ оқу. Және елімізге еңбек ету», - деді Толғанай ТҰРҒЫНБЕКОВА.

Сонымен қатар, киім жуатын орын, киім кептіретін орыға дейін жаңа жатақханада қарастырылған. «Жөндеу құрылыс» компаниясы өз ақшаларына болашақ медицина қызметкерлеріне шағын футбол алаңын салып берді.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады