Өскемендегі Гарант 24 Ломбард басшысы қамауға алынды

Malim Админ

  • 24.02.2020

"Гарант 24 Ломбард" жауапкерлігі шектеулі серіктестігінің Өскемендегі филлиалының директоры ұсталып қамауға алынды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабы 4 бөлімі 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни, алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы өңірдегі МӘЛІМ сайтының тілшісі хабарлайды.

Дәл бүгінге дейін Өскемен мен Семей қалаларында 28 салымшы полицияға арыз жазып, ақшаларын қайтартып беруді сұраған. Жапа шеккендерге келтірілген шығынның жалпы соммасы 52,5 млн теңге. Бұл алданғандарға қатысты нақты сандар емес. Тәртіп сақшылары салымшылардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін деп болжайды.

Ал Өскемендегі филлиалдың есігі мөр басылған қағазбен белгіленіп, 22 ақпаннан бері жабық жатыр. Алайда, есік алдындағы қарға түскен іздерге қарап, жоқ іздеген салымшыларының келгенін анық аңғаруға болады.

Бұған дейін Павлодар, Тараз, Маңғыстаудағы филиал басшылары ұсталған еді.

Фото автордікі.

Жанболат Санияз

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Өскеменде теракт жайлы жалған хабарлама таратқан тұрғын жауапқа тартылды

04.04.2024

Өскеменде Аблакетка өзенде мұз кептеліп, 20 саяжайдың ауласын су басты

13.03.2024

 БҚО шенеунігінің төрт жылға бас бостандығы шектелді

15.09.2023

Шұңқырдағы жазу: Ең жақсы өзгеріс – Омардың отставкасы

26.05.2022

Өз еркімен кететін шенеунік: Экс-әкім енді экс-директор

19.05.2021

Даниал Ахметов, шық!

29.04.2021
MalimBlocks
Өскеменде теракт жайлы жалған хабарлама таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Өскемен қаласының тұрғыны полицияға терракт жайлы жалған хабар бергені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өскеменде Аблакетка өзенде мұз кептеліп, 20 саяжайдың ауласын су басты

Қазіргі уақытта саяжайда ешкім тұрмайды.

 БҚО шенеунігінің төрт жылға бас бостандығы шектелді

Өскеменнің №2 сотында БҚО бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болған Мәди Отарбаевқа қатысты сот үкімі жарияланды.

Шұңқырдағы жазу: Ең жақсы өзгеріс – Омардың отставкасы

Өскемен қаласының автожолдарындағы шұңқырларда «Ең жақсы өзгеріс - Омардың отставкасы» деп жазылған тақтайшалар пайда бола бастады.

Өз еркімен кететін шенеунік: Экс-әкім енді экс-директор

Даниал Ахметов, шық!