Жалпы ішкі өнімге қарағанда инфляция өскен

Malim Админ

  • 10.12.2020

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қаңтар-қараша айларындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын баяндады. «Қарашаның қорытындысы бойынша экономикалық серпін қазан айына қарағанда неғұрлым жоғары. Оң тренд байқалады. Есепті кезеңде Қазақстан экономикасында келесі үрдістер байқалып отыр. Құрылыс және өңдеу өнеркәсібі салалары серпінді өсуді көрсетті. Қызмет көрсету секторында іскерлік белсенділік жақсаруда, сондай-ақ ұзақ пайдаланылатын тауарларға сұраныс қалпына келе бастады», - деді Р. Дәленов.

Министрдің айтуынша, нақты сектордың өсуі 2 пайызға дейін жеделдеді. Қызмет көрсету саласының өсу қарқыны минус 5,9 пайызға дейін жақсарды. Нәтижесінде, жалпы ішкі өнімнің өсуі минус 2,8 пайыз деңгейінде қалыптасты. Жылдық инфляция 7,3 пайыз.

«Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, инвестициялар 17,3 пайызға өсті. Инвестициялардың елеулі көлемі тұрғын үй құрылысына, көлік, өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде азық-түлік өнімдері, ауыл шаруашылығы салаларына тартылды. Экономиканы кредиттеу жыл басымен салыстырғанда 4,2 пайызға ұлғайды. Кредиттердің ең жоғары өсуі байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында байқалады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 8,9 пайызға ұлғайды», - деді Ұлттық экономика министрі.

Байланысты жаналықтар

Астаналықтарға жылу ақысы неліктен қымбат шықты?

05.03.2024

Экономика: Президенттің тапсырмасы және министрдің 10 жоспары

14.07.2020

Экономика министрі тым «экономшыл» екен

10.03.2020
MalimBlocks
Астаналықтарға жылу ақысы неліктен қымбат шықты?

Ұлттық экономика министрлігі түсіндірді.

Экономика: Президенттің тапсырмасы және министрдің 10 жоспары

Экономика министрі тым «экономшыл» екен