«Қызылордада ауырмаған дәрігерлер өтемақы алып кетті»

Абай Нұржанұлы

  • 10.12.2020

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында коронавирус індеті өршіп тұрған тұста науқастарды емдеймін деп жүріп өздері пневмонияға шалдыққан кейбір ақ халаттылар жаздан бері өтемақы ала алмай жүр. "Қызмет барысында вирус жұқтырып қатты ауырдық" деген олар президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ өзі жарлық жасаған соң бір реттік  төлем берілетініне сенген едік дейді. Алайда минстрлік бекіткен өтемақыны басшылар өзінің таныстарына ғана таратып талан-таражға салды деп ашынады. Тіпті ең сорақысы медициналық қызметкерлерге енді алда болжанған індет кезінде тағы ауырсаңдар жауапкершілік өздеріңде болады деген қол хат жаздырып жатқанын айтады.

Жаңақорғандық медицина қызметкерлері қыстың қытымыр аязына қарамай аудандық аурухана алдына жиналды. Талаптары өтемақы. Олар жазда тараған жаппай індет кезінде жанымызды салып жұмыс істедік дейді. Ауруханаға ағылып келген науқастарға қараймыз деп ақыр соңы өздерінің де қауіпті вирусты жұқтырып қатты ауырғандарын айтады.

«Жұмыста жүріп коронавирус жұқтырдым. Жұқпалы аурулар ауруханасына жатып емделдім. Хаттама толтырылды. Қалаға жіберді. Кейін естіп жатырмыз ғой Тоқаевтың жарлығымен 2 млн төленіп жатыр дегенді. Бірақ біз ала алмадық», - дейді медбике Қарлығаш БАЙСАЛОВА.

«Шынымен ауырғанымыз рас. Өтемақы таныспен, тамырға  кетті деп айтамын. Өйткені еңбек демалысына шыққан яғни, үйде жатып өтемақы ақшасын алып кеткендер бар»,  - дейді медбике Айгүл БАЙХОЖИНА. 

Бұл уәжге қатысты бас дәрігер ауданда 40-тан аса ақ халаттыға бір реттік төлем төленді дейді. Өтемақы екі минстрліктің бұйырығына сәйкес тағайындалғанын айтады.

«Бұйрыққа сай келетін топтағы қызметкерлердің бәрі алды. Оның бәрі ауырғанымен бұл бұйрыққа сай келмегендіктен кейбір кісілер ала алмады. Сосын медициналық қызметкерлердің тағы талап бар бізде өзіміз сақтаныумыз керек», - деген деп жауап берді Жаңақорған аудандық ауруханасының бас дәрігері Яхия ШОРАБАЕВ.  

Бас дәрігер өтеамқы алмағандардың вирустан сақтануға мүмкіндігі болды дейді. Ал осы төлемнен қағылдық деген  қызметкерлер бұл аздай енді болжап отырған індеттің екінші толқынында ауырып қалсақ та басшылар жауапкершілікті тағы өз мойынымызға артып отыр деп ашынады.

«Бір параққа жазып өздері алып келді. Екінші толқын болғанда ауырсам өзім жауаптымын дегізіп қол қойдырып алды», - деді инфекциялық аурухананың шаруа бикесі Меруерт ШАЙЫҚОВА Malim.kz сайтының тілшісіне.

Қол қойдырды деген қол хатқа байланысты қызметкерлердің шағымын бас дәрігер жоққа шығарып отыр. Алайда коронавирус пен пневмониядан жазылып шыққан аурухана қызметкерлері бізге жағдай жасалмайтын болса індет тағы келе қалған жағдайда жұмысқа шықпаймыз деп бекініп отыр.

Фотолар автордікі. 

Байланысты жаналықтар

Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

09.05.2022

«Түрмеде күйеулеріміз тамырларын кесіп жатыр»

26.01.2021

Мәдениет және спорт министрлігі Әуезовке мән бермей отыр

20.01.2021

Әкімнің қызы президенттен әділдік күтеді

15.01.2021

Кішкентай Қазақстан: Мектеп директорына қарсы митинг

13.01.2021

Диплом дауы

29.12.2020
MalimBlocks
Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

«Түрмеде күйеулеріміз тамырларын кесіп жатыр»

Мәдениет және спорт министрлігі Әуезовке мән бермей отыр

Әкімнің қызы президенттен әділдік күтеді

Кішкентай Қазақстан: Мектеп директорына қарсы митинг

Диплом дауы