Қызылорданың экс-әкіміне қатысты сот үкімі шықты

Олжас Қасым

  • 10.12.2020

Қызылорда қалалық №2 соты өңірдің экс-әкімі Қуанышбек ЫСҚАҚОВҚА қатысты үкім шығарды. Шенеунік жеті жылға бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ, енді ол мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік, ұлттық компанияларда жұмыс жасай алмайды. Бұл туралы  Malim.kz  сайты хабарлайды.

Прокурор Ысқақовты сегіз жылға бас бостандығынан айыру керектігін сұраған еді.  Қызылорда облысының  бұрынғы әкімі ұсталды деген хабар 2020 жылдың 27 наурыз айында әлеуметтік желіде тараған болатын. Келесі күні жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігі  күдіктінің үйқамақта екенін хабарлаған.

Әкім қылмыстық кодекстің 190 бабының («Алаяқтық») 4 бөлігі 2-тармағы бойынша («аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық») күдікке ілінген. Тергеу кезінде Арыстағы жарылысқа байланысты бөлінген 80 миллион теңгені жымқырғаны анықталған. Бұл қыруар қаражат "Сыр мейірімі" қоғамдық қорынан бірнеше құрылыс компанияларына аударылыпты. Осылайша Арыс халқына жиналған қаражат әкімнің қалтасына түспек болыпты.

Фото ғаламтордан алынды. 

Байланысты жаналықтар

Президент Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады

29.11.2024

Украина ресейлік әскерлердің тұтқындарды ату оқиғасын тергеп жатыр

29.11.2024

Зеленский Путиннің қоқан-лоққысына жауап берді

29.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Албания президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

29.11.2024

Шенеуніктің ұлы Астанада лауазымды қызметке тағайындалды

29.11.2024

Тоқаев Путинді шығарып салды

28.11.2024
MalimBlocks
Президент Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады

Украина ресейлік әскерлердің тұтқындарды ату оқиғасын тергеп жатыр

Ресей солдаттарының тұтқындарға жасаған аяусыз репрессияларының саны артып келеді.

Зеленский Путиннің қоқан-лоққысына жауап берді

«Ол бұл соғысты аяқтауға ұмтылмайды. Оның үстіне Путин басқалардың соғысты тоқтатуына кедергі жасағысы келеді», – деді Зеленский кешкі видео үндеуінде.

Қасым-Жомарт Тоқаев Албания президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Шенеуніктің ұлы Астанада лауазымды қызметке тағайындалды

Тоқаев Путинді шығарып салды