Волгоград қазақтары Қазақстандағы қандастарына көмектеспекші

Malim Админ

  • 13.12.2020

Ресейдің Волгоград облысында  «Ресейдегі қазақ халқының ерлігі» атты федералдық жоба қолға алынды. Бұл жоба аясында «Қазақ ұлттық-мәдени аймақтық автономия» қоғамдық бірлестігі екінші дүниежүзілік соғыста із-түссіз жоғалған солдаттарды табуға көмектеседі. Бұл туралы Malim.kz сайты МТВ.онлайнға сілтеме жасап хабарлайды.

«Бізге аталарын іздеп көбіне Қазақстаннан адамдар көп хабарласады. Әрине, жақын шетелдер мен Ресейдің өзінен де көмек сұрайтындар бар. Біздің қызметкерлер мұрағаттар да отырып белгісіз жауынгерлердің аты-жөндерін анықтайды», -дейді «Қазақ ұлттық-мәдени аймақтық автономия» қоғамдық бірлестігінің өкілі Айболат АХМЕТОВ.

«Ресейдегі қазақ халқының ерлігі» атты жоба биылғы жеңістің  75 жылдығына орай қолға алыныпты. 1945 жылғы жеңіс ортақ жеңіс қана емес, әрбір ұлттың, әрбір этностың һәм әрбір азаматтың жеңісі дейді Волгоград облыстық ұлттық және казачество ісі бойынша комитет мамамы Юлия ПИМЕНОВА.

Волгоград облысында қазақтардың саны орыстардан кейін үшінші орынға ие. Қазақтар көбіне Паласовский ауданында тұрады. 48 мың халқы бар ауданның жартысынан көбі қазақтар. Старопотавский ауданында тұрғындардың 18% этникалық қазақтар болса, Николаевский ауданында (11% аса), Быковский  ауданында (10 % аса яғни 3мың) қандасымыз тұрады. Карта Волгограда сайтының жазуынша, Еділ бойына қазақтар Ресей Империясы құрылмай тұрып қоныстанған. Кейін XVIII –XIX ғасырдың басында Ресей патшалығының азаматтарына айналды. Сондықтан да олардың Қазақстанмен үнемі байланыста деп айтуға келмейді. Олар өздерін толыққанды Ресей азаматтары сезінеді екен.

Волгоград облысында 2011 жылы «Қазақстан мұрасы» атты қор құрылған болатын. Бұл ұйым қазақ мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтаумен айналысады.  Қордың көмегімен «Бүркіт» деген футбол командасы құрылып, қалалық чемпионатта үшінші орын алыпты.

Фото: muzkult.ru