Қазығұртта «Nur Otan» сайлауалды штабы жұмысын қарқынды бастады

Malim Админ

  • 11.12.2020

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының сайлауалды штабы 11-ші желтоқсан сағат 11-00 де өз жұмысын бастады.

Ашылу салтанатында Штаб басшысы, «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есімхан Ешенқұлұлы Исақұлов сөз сөйлеп, штаб мүшелерін сайлау науқанының басталғанымен құттықтап, алдағы қызметте сәттілік тіледі.

Сонымен қатар штабта қоғамдық қабылдау бөлімі, қаржы секторы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі, ұйымдастыру бөлімі, қоғамдық-саяси жұмыс бөлімі қызмет жасайтынын жеткізді. Сөз барысында ол бөлімдердің құрамы мен атқаратын жұмысына тоқталды.

Сайлауалды штаб мүшелерінің ақсақалы Қазығұрт аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қазығұрт ауданының Құрметті Азаматы Мұқтар Момынұлы Момынов штаб мүшелігіне өткен сайлауларда шыңдалған, өз жұмысын аса жауапкершілікпен атқаратын, өз ісіне адал азаматтардың топтасқанын қуанышпен атап өтті.

Жиын соңында Штаб басшысы, «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есімхан Ешенқұлұлы Исақұлов штаб мүшелеріне сенім білдіріп, сайлауды ұйымшылдықпен өткізуге шақырды.

Сондай-ақ, осы күні Қазығұрт ауданы Сарапхана ауыл округы Майлыошақ елді мекенінде индустриялық аймақтағы өндірістік орындарды газдандыру мәселесі аудандық партия филиалы партиялық бақылау комиссиясының талқысына салынды.  Жиынға тұрғындар мен кәсіпкерлер және билік өкілдері қатысты.

Ал осы күні кешке қарай «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есімхан Ешенқұлұлы мен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, Қазығұрт аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Айкүл Күзенбайқызы Ақынғазиева Қызылқия ауыл округі тұрғындарымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік салаға көрсетіліп жатқан жеңілдіктер мен аудан тұрғындарының әл-ауқатын, елдің экономикасын көтеруде атқарылатын іс-шараларды айтып беріп, сайлушылар ескертпелері мен өтініштерін жазып алды.

ҚР «Сайлау туралы» заңының 28-бап, 5-тармағына сәйкес, «Nur Otan» партиясы Түркістан облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Байланысты жаналықтар

"Кешірім сұрамаймын":«Nur Otan» депутаттары мұғалімдерді тепкілеуге көшкен бе?

05.04.2021

Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

13.01.2021

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

12.01.2021

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

11.01.2021

Сайлаудың алдын ала қорытындысы белгілі болды

11.01.2021

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

10.01.2021
MalimBlocks
"Кешірім сұрамаймын":«Nur Otan» депутаттары мұғалімдерді тепкілеуге көшкен бе?

Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

Сайлаудың алдын ала қорытындысы белгілі болды

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды