Отбасы із-түссіз жоғалып кеткен қандасымыз көмек сұрайды

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 15.12.2020

«Нағыз Атажұрт» еріктілер ұйымы Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымының Қазақстандағы бөлімінде Қытай Халық Республикасынан келген қандасымыз Ақиқат Қалиолланың әкесіне байланысты жиын өткізді. Ақиқат Қалиолланың әкесі Қалиолла Тұрсынұлын 2018 жылы еш жазықсыз Қытай полициясы қамаған. Түрмеде аяусыз ұрып өлтірген. Қайтыс болғанына бірнеше ай өтсе де, сүйегін бермей отыр. Ақиқат Қабиолланың анасы да екі баласымен бірнеше айдан бері із-түссіз жоқ.

«Мен Қазақстанның азаматымын. ҚХР-да 2018 жылы менің әкемді саяси лагерьге апарып, қастандықпен өлтірген. Қазір енді сүйегін берді ме, бермеді ме білмеймін. Анаммен, екі ініммен қазан айында сөйлестірген. Одан кейін үйден алып кеткен. Қайда екенін білмеймін. Әкемнің қайтыс болғанын желтоқсанның бесі күні естідім.

Ол кісілер Қытай Халық Республикасының азаматы. Мен 2016 жылы келіп, 2018 жылы Қазақстанның азаматтығын алғанмын. 2018 жылы әкем ұсталғаннан кейін біраз хабарсыз болдым, осы жылдың қазанында ғана сөйлестім.

Менің білгенімде, әкемді ұстап кеткен кезде өлтірген. Кейін анам мен екі інімді ұстап алып кетіп, қажетті құжаттарға қол қойдырып, өз ажалымен өлді дегенге келтіріп отыр», - дейді Ақиқат Қалиолла.

Жиында «Нағыз Атажұрт» еріктілер тобының өкілі жүргізді. Оның айтуынша, Қалиолла Тұрсынұлы заңгер болған. Ол кісі Қытайдың заңсыз әрекетінен зардап шеккендерге заңдық кеңес беретін болған. Яғни құқыққорғаушы. Қаншама адамға арызын жоғары жаққа жеткізуе көмектескен. Тарбағатай аймағы Дөрбілжің ауданындағы азаматтардың құқығын қорғаған. Оның қылмысы түрмеде бір жігіт қайтыс болған, аты – Жұмагелді Ақай. Сол жігіттің әйелі Қалиолла Тұрсынұлынан көмек сұраған. «Күйеуім қайтыс болды. Осыған арыз жазып, жоғары жаққа жеткізуге көмектессеңіз» деген. Нақақтан қайтыс болған адамның отбасына көмектескен. Қалиолла Тұрсынұлының соған көмектескені қылмыс болып отыр.

Қалиолла Тұрсынұлының 2018 жылы жазған хаты бар екен. Онда жергілікті аудан, аймақтың басшыларының үкімет ақшасын талан-таражыға салғаны жазылған. Зорлық-зомбылықпен саясат жүргізген. Заңсыз түрмелер салған. Соған тағы жазықсыз адамдарды қамаған. Соны жоғары жаққа жеткіземін деп Қалиолла Тұрсынұлы хат жазған. Жергілікті биліктің қылмысын жоғары жаққа жеткіземін деп ұсталған.

Еріктілердің айтуынша, Қалиолла Тұрсынұлы Қытай мемлекетіне қарсы емес. Компартияға қарсы емес.

Енді әкесінен өлідей, анасы мен бауырларынан тірідей айырылып отырған Ақиқат Қалиолла Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымы арқылы Қазақстан билігінен, Халықаралық ұйымдардан көмек сұрап отыр.

Байланысты жаналықтар

Қытай азаматтары «Қорғаста» жезөкшелер притонын ашқан

05.04.2024

Қытай консулдығында өткен 500 күн – «Саяси лагерьдегі қазақтарға бостандық!»

22.06.2022

Қытай геноцидіне қарсы акция тоқтамайды

13.05.2021
MalimBlocks
Қытай азаматтары «Қорғаста» жезөкшелер притонын ашқан

Ол тек қытайлықтар үшін ғана жұмыс істеген.

Қытай консулдығында өткен 500 күн – «Саяси лагерьдегі қазақтарға бостандық!»

Бүгін Алматыдағы Қытай консулдығы алдына жиналған қазақстандықтар Қытайдағы «саяси лагерде» қамауда отырған туыстарын босатуды талап етті. Олардың осы талаппен консулдық алдына келіп жүргендеріне бүгін 500 күн болған.

Қытай геноцидіне қарсы акция тоқтамайды