Азаттық күні Жириновский тәуелсіздігімізге тіл тигізді

Олжас Қасым

  • 16.12.2020

Ресей мемлекеттік думасының депутаты, ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир ЖИРИНОВСКИЙ «Единая Россия» партиясының мүшесі, депутат Вячеслав НИКОНОВТЫ қолдайтынын мәлімдеді.

«Никонов бәрін дұрыс айтты. Ол кісі осы іспен айналысқан өте сауатты адам. Егер атасы Молотов Вячеслав Николайұлы тірі болса растар еді. Орал, Семей, Петропавл - Ресейдікі. Ол жерлерге Қазақстанның қатысы қанша?» - деді Жириновский.

ЛДПР төрағасының айтуынша, қазақтар Орталық Азияда көшіп-қонып жүрген.

«Көшіп-қонып жүрген соң қырғыз, қазақ, қарақалпақ, туран-мұраны араласып кеткен. Шекарасы бар мемлекетті, үкіметті қолдан совет билігі жасаған. Қазақтар Никоновты кінәліп жатыр. Орыстың жерінде тұрып одан кешірм сұраға мәжбүрлейсіңдер ме? Орыстар ол жерге қайдан келді, аспанан ұшып келді ме?», - деді депутат Жириновский.

Естеріңізге сала кетейік,   Ресей мемлекеттік «Первый канал» телеарнасында дума депутаты Вячислав Никонов "Қазақстан территориясы  – Ресейдің берген  сыйлығы" деген еді.

«Қазақстан деген болған емес, Солтүстік Қазақстанда адам тұрған емес. Олар [қазақтар] болды әйтеуір, бірақ, оңтүстікке қарай өмір сүрді. Яғни, айналып келгенде, Қазақстан территориясы Ресей мен Совет одағының берген үлкен сыйлығы. Орталықазия елдерінде де осындай жағдайаттар бар»,- деп соқты Вячеслав Никонов.

Оқи отырыңыздар: Қазаққа жерді Ресей сыйға беріпті….

Артынша Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының Уақытша сенімді өкілі Александр Комаровтың шақырылғаны хабарланды.

«Кездесу барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың Бірінші арнадағы «Қазақстанның территориясы – Ресей тарапынан жасалған үлкен сыйлық» деген сөзіне қатысты түсініспеушілік білдірді. Кейбір ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға қатысты арандатушылық әрекеттерінің жиілеп кетуі мемлекеттеріміз арасындағы одақтастық қатынастарға айтарлықтай нұқсан келтіретіні атап өтілді» делінген СІМ таратқан мәлімдемеде.

Оқи отырыңыздар: Ресей депутаты: «Егер сыйлық деп қабылдамасаңдар, қайтарыңдар»

Қазақтың территориялық тұтастығы жайлы сөз бұнымен бітпеді. Никоновтан кейін Ресей мемлекеттік думасының тағы бір депутаты Евгений Федоров «біз қазаққа жер сылайдық» деген әңгімені өршіте түсті.

«Сіз бір досыңызға көлік сыйладыңыз деп ойлайық. Бір жылдан кейін келіп: «Менің сыйлығымның жағдайы қалай, Вася» деп сұрасаңыз, досыңыз: «Қандай сыйлық? Не сөз? Бұл сыйлық емес. Мен ол көлікті сенен алып алдым» десе, қандай күйде боласыз? Түсінесіз бе? Ондай досыңызға қалай қарайсыз? Сіз оның дос емес екенін түсінесіз. Дұрыс адам: «Көп рахмет, керемет көлік немесе онша емес. Бірақ көп рахмет. Мен жақсылығыңызды білемен, міндетті түрде ризалығымды білдіремін» деп пе бірдеңе айтады. Бұл дұрыс. Ал Қазақстанның ресми органы «Біз ешқандай сыйлықты білмейміз. Бұл ешқандай сыйлық емес. Сендерден тартып алғанбыз» дейді. Бұл жерде не сыйлық, не тартып алды. Егер бізден тартып алған болсаңдар, сендермен басқаша сөйлесейік. Басқа тілмен, балалар, қазақстандықтар. Бір жомарт орыс адамы сыйлап, сендер соны түсініп, дос болсаңдар басқа әңгіме. Ал ҚР СІМ сияқты немқұрайды  қарасаңдар, басқа әңгіме», - деді депутат Федоров.

Оқи отырыңыздар: Досым Сәтпаев: Никонов пен Федоров Путиннің ойын жеткізіп тұр

Осылайша, Қазақстанның ең ұлық мерекесі қарсаңында тәуелсіздігімізге одақтас Ресей Федерациясыынң үш бірдей депутаты тіл тигізіп отыр.

Фото: izbyshki.ru

Байланысты жаналықтар

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

24.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

23.03.2024

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

22.03.2024

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

22.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы

22.03.2024
MalimBlocks
Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы