Новая газета: Қазақстанға соғыс ашу өз-өзіңе қол жұмсаумен бірдей

Олжас Қасым

  • 18.12.2020

Ресейлік депутаттардың Қазақстанның тәуелсіздік мерекесіне жасаған «сыйлығынан» кейін Мәскеудегі Новая газета басылымында «Шибануло заземлением» атты мақала жарық көрді.

Мақала авторы Вячеслав ПОЛОВИНКО "маңайында мемлекеттермен жауласып шыққан Ресейге енді Қазақстанмен ұрысу ғана қалды" деп сынайды орыс саясаткрелерін.

«Шынтуайтына келгенде Қазақстанның қандайда бір бөлігін жаулау туралы Кремльдің жоспары жоқ. Шекаралары 7,5 мың шақырымды алып жатқан көршілес елмен соғысу деген өз-өзіңе қол жұмсаумен бірдей ғой», - деп жазды мақала авторы.

Сондай-ақ, Вячеслав Половинко екі ел арасына іріткі салған «Единая Россия» партиясы депутаттарының империялық қылықтарын сынайды. Және қос ел арасында шекараға қатысты ешбір дау жоқтығын жазады. Көршілес мемлекеттер арасындағы шекара мәселесі он бес жыл бұрын шешілді дейді.

«2005 жылы шекара мәселесі бойынша екі жақты келісім ратификацияланған. Сол құжатқа сәйкес Ресей мен Қазақстанның бір-біріне қояр талаптары жоқ. Ресейдің солтүстік Қазақстанға, ал Қазақстанның Орынборға таласы жоқ», - деп жазады мәскеулік журналист Половинко.

Естеріңізге сала кетейік, 10 желтоқсан күні Ресей мемлекеттік «Первый канал» телеарнасында дума депутаты Вячислав НИКОНОВ «Қазақстан территориясы  – Ресейдің берген сыйлығы» деп мәлімдеді.

«Қазақстан деген болған емес, Солтүстік Қазақстанда адам тұрған емес. Олар [қазақтар] болды әйтеуір, бірақ, оңтүстікке қарай өмір сүрді. Яғни, айналып келгенде, Қазақстан территориясы Ресей мен Совет одағының берген үлкен сыйлығы. Орталықазия елдерінде де осындай жағдайаттар бар»,- депті Владимир ПУТИН жетекшілік ететін партияның мүшесі Никонов. 

Никоновтан кейін Ресей мемлекеттік думасының тағы бір депутаты Евгений ФЕДОРОВ «біз қазаққа жер сылайдық» деген әңгімені өршіте түсті.

«Сіз бір досыңызға көлік сыйладыңыз деп ойлайық. Бір жылдан кейін келіп: «Менің сыйлығымның жағдайы қалай, Вася» деп сұрасаңыз, досыңыз: «Қандай сыйлық? Не сөз? Бұл сыйлық емес. Мен ол көлікті сенен алып алдым» десе, қандай күйде боласыз? Түсінесіз бе? Ондай досыңызға қалай қарайсыз? Сіз оның дос емес екенін түсінесіз. Дұрыс адам: «Көп рахмет, керемет көлік немесе онша емес. Бірақ көп рахмет. Мен жақсылығыңызды білемен, міндетті түрде ризалығымды білдіремін» деп пе бірдеңе айтады. Бұл дұрыс. Ал Қазақстанның ресми органы «Біз ешқандай сыйлықты білмейміз. Бұл ешқандай сыйлық емес. Сендерден тартып алғанбыз» дейді. Бұл жерде не сыйлық, не тартып алды. Егер бізден тартып алған болсаңдар, сендермен басқаша сөйлесейік. Басқа тілмен, балалар, қазақстандықтар. Бір жомарт орыс адамы сыйлап, сендер соны түсініп, дос болсаңдар басқа әңгіме. Ал ҚР СІМ сияқты немқұрайды  қарасаңдар, басқа әңгіме», – деді депутат Федоров.

«Единая Россия» партиясының қос депутатының сөзін ЛДПР төрағасы Владимир ЖИРИНОВСКИЙДЕ іліп алып кеткен еді. Ол туралы malim.kz сайты Азаттық күні Жириновский тәуелсіздігімізге тіл тигізді атты материал жариялаған еді.