Алтынемел – Жетісудың алтын белбеуі

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 18.12.2020

Кіріспе

«Жер жанаты – Жетісу» деген қанатты сөздің тегін айтылмағанына көз жеткізу Жетісуға келген қонақ үшін көп қиындық тудырмайды. Аспанмен астасқан Алатаудың ақар-шақар шыңы көз тоқтайтын бір қамал болса, баурайындағы табиғат, бауырындағы аң-құсы көркіне көрік, сәніне салтанат қосқан бір ғанибеті.

Алматы облысының күнгейі мен теріскейі, оңтүстігі мен солтүстігі табиғат алуандығымен-ақ жаныңды баурайды. Жоңғар Алатауының сілемдері Тянь-Шаньға жеткенше құлпырып, түрленіп, тау деген жаратылысты әр қырыннан-ақ танытып үлгереді.

Ал шығысқа қарай жүрген сайын көлі мен өзені, шөлі мен шөлейті астасып, бір аймақтың тым күрделі табиғатын, бай флорасы мен фаунасын көз алдыңыздан керуендай өткізеді.

Бүгін біз Жетісудің жауһарларының бірі саналатын «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы айтпақпыз.

 

Шыңғысхан атын қойған – Алтынемел

Алтынемел атауының тарихы да тереңде жатыр. Аңыз түбі – ақитат. Бір заманда Асан Қайғыдан Басши ауылының тұсын өтіп бара жатып, «Не жұт, не құт болмайтын жер екен» деп бағалапты деседі. Жұт болмайтыны аң-құсқа, қоянға бай. Қамысты, шеңгелді аймақ. Құт болмайтыны шөлейт жер болған соң, халық тығыз отыра алмайтын болса керек. Дегенмен жұт болмайтын деген баба сөзінің өзі аса үлкен баға емес пе? Қыстауға лайық аймақ.

Дүниенің жартысын билеген даңқты Шыңғысхан күллі Азияны төпеп өткенде осы аймаққа келіп бір тоқтаған деседі. Күн еңкейіп, дала ал қоңыр тартқанда, күн шапағымен сарғайған тауларға көз салып, «Алтынемел екен» депті. Дуалы ауыздан шыққан ат сол күннен айдар болып, Алтынемел атанған екен.

Бұл атаудың этимологиясына байланысты «Арыс» баспасынан жарыққа шыққан «Қасиетті Қазақстан» кітабының І томында былай делінеді: «Алтынемел тауындағы Емел өзені Ала­көлге құяды. Бұл сөзді тіл мамандары моңғол (бурят, қалмақ) тіліндегі эмэл, эмэген – «ер» сөзі­мен де төркіндес деп есептейді. Моңғолияда «эмэл» сөзі тау асулары мен бел-белестердің атау-терминдері ретінде қолданыла­тыны да мәлім. Мәселен, Эмэл асуы Қыр­ғызстанның Қабақ тауында, біздің же­рімізде Жоңғар Алатауында, Чита облысында Алтын-Эмель тауы барын картадан анық көреміз. Атаудың бірінші сыңары ал­тын – күллі түркі тілдері мен моңғол тіліне ортақ сөз. Ал екінші сыңардағы моңғолдың эмэл//бэл (седло; седловина; склон горы) сөзінің мағыналары жақын. Бірақ та көне түркі тілінде altin//aldan + «төмен, төменгі»; «төменде, тө­менгі жақтан» деген сөз барын есепке алу қажет сияқты. Демек, Алтынемел атауындағы алтын сөзін – «төменгі, төменгі жақ» деп ұға­тын болсақ, онда атаудың мағынасы «төменгі, аласа асу, бел» деген мәнге ие екені байқалады. Көлбей созылып жатқан тау ортасындағы ерге ұқсас аласа асу жер бедеріне толық сәйкес келеді».

Демек, Шыңғыс қаған жер танитын көшпенді ретінде дәл атау қойып кеткен.

Қазақтың аса көрнекті ғалымы, саяхатшы Шоқан Уәлиханов 1856 жылы өзінің Қашғарға жасаған сапарында парк аумағында бір бастаудың басына тоқтаған. Бастау ұлы ғалымның құрметіне «Шоқан бастауы» деп аталды. Қазір Шоқа ауылы бар. Шоқан мұражайы бар. Ғажайып ескерткіші мен сүйегі де осы қастерлі аймақта. Ғалымның өліміне байланысты әртүрлі сөз айтылғанымен, соңғы тоқтаған тұжырым осы жерде. Бір замандарда бабасы атын қойып, айдарын таққан аласа асулардың бауырында бір заузаты мәңгілік мекен тауыпты. Бұл да тегін болмаса керек.

 

***

Алтынемел – Жетісудың алтын белбеуі. Алматы облысының туристер ең көп келетін аймағы. Сонау 1996 жылы «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды. Аса бай жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғау мен көбейту, экологиялық туризм мен жергілікті тұрғындардың дәстүрлі табиғат пайдалануын дамыту есебімен ұйымдастырылған. Шығыстан батысқа, Орталық Азияға созылып жатқан – Тұран және Жоңғар шөлі, шығыс және оңтүстік-шығыс бағытқа қарай Қытай, Моңғолияға созылып жатқан биографиялық аумақтағы – Іле ойпатында орналасқан бұл жердің өзіне тән жарасымы бар. Жануарлары мен өсімдіктерінің әр алуандығы осы географиялық орнына байланысты болса керек. Парк аумағындағы 60 түрлі эндемик және жоғалу қаупі төнген өсімдіктің 29 түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген. Олардың кейбірі тек осы Алтынемел аумағында ғана ұшырасады. Өсімдіктермен қатар «Қызыл кітапқа» енген  құлан, қарақұйрықтың ең көп популяциясы осы паркті мекендейді. Соңғы уақыттарда «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Пржевальский жылқыларын табиғатқа қайта қайтару үшін сынақ жұмыстарын жасап отырған еліміздегі жалғыз парк.

Парк аумағында тарихи-мәдени ескерткіштер мол. Біздің дәуірімізге дейінгі кезеңдерге жататын сақ қорғандары – «Бесшатыр» бар. Онда үлкен, орташа, кіші 31 қорған сақталған. Тау шатқалдарында ежелгі суреттер – петроглиф және буддалық жазулар кездеседі.

 

Саяхатқа сән берген

 «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі эколоиялық саяхат бағытында дамып келеді. Соңғы жылдары жаңа тас жолдар төселіп, туристердің келіп-кетуіне ыңғайлы инфрақұрылымдар жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде Сарыөзектен Басшиге дейінгі жол қайта жөндеуден өтпек.

Паркте арнайы белгіленген соқпақтар бар. Жол көрсетушілер туристерді сол бағыттар бойынша еркін аралатады. Туризм негізінен танымдық және экологиялық бағытта жүргізіледі, яғни жаппай рекреациялық емес. Сондықтан да парк аумағы қауіпсіз, рұқсатсыз ешкім кіре алмайтын, бұл келген қонақтардың өзін жайлы сезінуіне мүмкіндік береді.

Туристерге арналған инфрақұрылымдық кешендер – қонақүйлер, саяхатшылық соқпақтар, сапалы көлік жолдары қонақтарға сапалы қызмет көрсету үшін жасалған. «Алтынемел» ұлттық паркі еліміздегі шөлді аумақта орналасқан жалғыз парк болғандықтан туристер Іле жазығындағы бай ландшафты көре алады. Көлікпен және жаяу саяхаттауға арналған үш бағыт жұмыс істейді.

  1. Басши – Ошақтас – Тораңғы сайы – Ш.Уалиханов  бастауы – Айғайқұм.
  2. №1бекет – Таңбалы тас – Бесшатыр қорғаны.
  3. Басши – Қосбастау бекеті – Қату және Ақтау таулары.

Саяхатшылар жүретін жолдардың бойында билбордтар, нұсқаушы тақтайшалар, бақылау алаңдары, демалыс орындары, көлік тұрықтары, дәретхана, қоқыс жәшіктері орнатылған. Туристерге арналған 50 адам сыятын 6 қонақ үй, 4 шатыр тігетін алаңқай бар.

Бұл жерлерді мекендейтін халық та туристерге жағдай жасауды кәсіптеріне айналдырған. Бұл облыс экономикасына да оң әсер ететін фактор болып саналады.

 

Байланысты жаналықтар

«Таза Қазақстан» акциясы: Алматы облысы Жамбыл ауданындағы 61 елді мекенде сенбілік өтті

15.04.2024

Есірткі беріп, зорлап келген: Алматы облысында жәбір көрген 17 жастағы қыздың анасы әділдік іздейді

02.04.2024

Соңғы бес айда Қазақстанға 126 мың қытай азаматы келген

01.04.2024

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

«Құлау қаупі төніп тұр»: Прокуратура Алматы облысындағы шахтаның жұмысын тоқтатты

13.03.2024

Досаев пригласит в Алматы блогеров за 90 млн тенге

29.02.2024
MalimBlocks
«Таза Қазақстан» акциясы: Алматы облысы Жамбыл ауданындағы 61 елді мекенде сенбілік өтті

Сонымен қатар бүгін дәл осындай сенбілік «Таңбалы» музейінде де болып жатыр.

Есірткі беріп, зорлап келген: Алматы облысында жәбір көрген 17 жастағы қыздың анасы әділдік іздейді

Алматы облысы Қарасай ауданы Береке ауылында бір топ жігіт 11 сынып оқушысын 2 жыл бойы пышақпен қорқытып, есірткі беріп, зорлап келген. Оның анасы әділдікті талап етіп, кінәлілердің жазалануын сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Соңғы бес айда Қазақстанға 126 мың қытай азаматы келген

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров былтыр 10 қарашадан бастап Қазақстанға Қытайдың 126 мың азаматы келгенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

«Құлау қаупі төніп тұр»: Прокуратура Алматы облысындағы шахтаның жұмысын тоқтатты

Кеген ауданындағы «Тұйық» қорғасын кен орнына тексеріс жүргізілді.

Досаев пригласит в Алматы блогеров за 90 млн тенге

Акимат Ерболата Досаева снова готовится к «массовой закупке» лояльности иностранных блогеров. Как сообщает Factcheck.kz, Бюро по туризму Алматы опубликовало объявление на закупку услуг по организации пресс-туров.