«NUR OTAN» барлық саланы дамытуды көздейді

Malim Админ

  • 18.12.2020

Ақтөбе облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер орталық базар қызметкерлерімен кездесті. Оларға сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Жанна Омарова, Айбек Дүйсенов, Хайдар Ілиясов пария бағдарламасының жеті бағытына тоқталды. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында орталық базар қызметкерлерін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
- Заңгер болғандықтан қоғамға пайдам тисін деп праймеризге қатыстым. Содан кейін партияның тізіміне қосылдым. «Nur Otan» партиясының бағдарламасы жеті бөлімге бөлінген. Соның ішінде қауіпсіз қала деген бөлімге тоқталғым келеді. Себебі күнделікті жұмыста да, жеке өмірде де осы жағдаймен кездесеміз. Әрине, бағдарламадағы барлық бөлім маңызды. Қаламызда 2025 жылға қарай қалада кемінде 1 мың бейнебақылау камераларын орнатылады. Көшелерде қаншама сергек камералар орнатылғанмен қылмыс көп. Бес жыл ішінде мың камера қойса, барлығының өзгеретіні анық. Ақтөбенің кемінде 8 көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. 2021 жылы - Құрмыш ауданы, 2022 жылы - ГМЗ ауданы, 2023 жылы - Заречный 2,3 т/м, 2024 жылы - Кірпішті т/м, 2025 жылы - Мәскеу ауданына жарық беріледі. Өзіміз қалада тұрғасын барлығын білеміз. Жарығы жоқ көше көп. Осы күнге дейін гмз ауданында тұрдым. Көшелерде жарық жоқ екені рас. Енді соның барлығын ескеріп, «Nur Otan» партиясының бағдарламасына енгізді. 2025 жылы Ақтөбе қаласы Полиция Басқармасының Алматы ауданы бойынша №4 полиция бөлімінің жаңа ғимараты салынады. Сонымен қаттар жаяу жүргіншілер өткелдерінде жыл сайын 12 жаңа бағдаршам объектілері орнатылатын болады,-деді Жанна Омарова.
«Nur Otan» партиясы кеше ғана пайда болған жоқ» деген Хайдар Ілиясов орталық базар қызметкерлеріне бар мүмкіндікті пайдалану керек екенін айтты.
-Партия осыған дейін де көптеген жұмыстар жасалды. Әлі де көптеген жұмыстар жасалатын болады. Біреу кәсіп басатағы келер, екінші адам жолдың дұрыс болғанын қалайды. Басқалар қауіпсіздік үшін алаңдауы мүмкін. Сондықтан біздің бағдарламада барлығы қамтылған. Сіздерді сайлауда күтеміз. Біздің партияға дауыс беріңіздер. Мүмкіндік бар кезде қашан да қолдау таныту керек,-деді Хайдар Ілиясов.
Елдегі партиялардың ішінде «Nur Otan» партиясы бірінші болып праймериз өткізді. Сондағы басты мақсат халықтың таңдауын орындау. Елбасы айтқандай, депутаттардың ішінде 20% -ы жастар болу керек. 30% -ы әйелдерден тұру керек деген талаптар болды. Сондай талаптардың ішінен іріктеліп, қалалық мәслихат депутаттығына үміткер болып тіркелген жас кәсіпкер Әлібек Дүйсенов бағдарлама аясында жастарға кәсіп бастауға болатынын айтып өтті.
-Жас кәсіпкер қашан да кәсіпкерлікті дамытқысы келеді. Әсіресе кәсіпкерлікті «Nur Otan» партиясы қолдап тұр. Елдің дамуы үшін кәсіпкерлердің үлесі жоғары болады. Бүгінде қаламызда 14 пен 29 жас аралығындағы 111 мыңнан астам жастар бар. Жастарды қолдасақ, олардың қолынан көптеген дүние келеді. Сондықтан партия жыл сайын шамамен 2,5 мың жастарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік беріп тұр. Жастардың жақсы өмір сүруі үшін «Nur Otan» партиясын бірге қолдайық,-деді ол.
Орталық базар қызметкерлері тарапынан кандидаттарға түрлі сұрақтар түсті. Өзін Жұлдыз Есжанова деп таныстырған қала тұрғыны Жанна Омаровадан алдағы уақытта өткінші жолақ мәселесін реттеуді сұрады.
-№6 мектепке барар жолда ескі мешіттің жанынан өтеміз. Мектептерге баратын жолдарға жүргінші жолақтарын салса деймін.
Өткен жолы болған жаяу жүргінші жолағын алып тастаған. Балаларға жүргуе қиын. Сол жүргінші жолақтарын қайтып салса екен,- деді қала тұрғыны.
Кездесу барысында қала тұрғынның сұрағы кандидаттар арасында бір ауыздан қолдау тапты. Ал білім жүйесі туралы сұраған Райхан Сапарниязоаның сұрағына облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сәуле Өмірбекова жауап берді.

-Заман ағымына сай барлығы солай болады. Оқу қиын деген сайын қиындай түседі. Баланы дамыту керек. Тек біреу емес, қаншама бала білім алып жатыр. Баланың қызығушылығын арттыру үшін қосымша дүниелер үйрету керек. Оларға білім беретін көптеген тегін бағдарламалар бар. Бұл жағдайға мұғалімдер де дайын болған жоқ. Өзіме де сабақ беру қиын болды. Экраннан баланың көзін іздейтін жағдайлар да болғаны рас. Бала үшін осындай жағдайда ата-аналардың да көмегі орасан зор,-деді ол.
Бұдан бөлек қала тұрғындары жол, экология мәселеріні реттеп, жақсы деңгейге жеткізуін сұрады. Сөз соңында орталық базар қызметкерлері кандидаттарға алғыстарын білдіріп, қашан да «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын жеткізді.

Қаржы Nur Otan партиясы Ақтөбе қалалық сайлау қорынан төленді.

Байланысты жаналықтар

Ақтөбе әуежайы уақытша жабылды

27.03.2024

Ақтөбеде зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүреді

15.03.2024

Ақтөбеде ер адам лифт шахтасына құлап кетті

11.03.2024

Ақтөбе облысында сегіз адамның өмірін қиған жан түршігерлік апат болды

06.03.2024

Ақтөбе тұрғындары облыс әкімі Асхат Шахаровтан көмек сұрайды

17.10.2023

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

17.03.2023
MalimBlocks
Ақтөбе әуежайы уақытша жабылды

Халықаралық және ішкі рейстер кейінге шегерілді.

Ақтөбеде зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Қазіргі уақытта тек екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен 1, 2 топтағы мүгедектігі бар азаматтар тегін жүреді.

Ақтөбеде ер адам лифт шахтасына құлап кетті

Ақтөбе облысында сегіз адамның өмірін қиған жан түршігерлік апат болды

Жол апатынан 8 адам қайтыс болды, оның ішінде балалар да бар.

Ақтөбе тұрғындары облыс әкімі Асхат Шахаровтан көмек сұрайды

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Алтай батыр ауылының тұрғындары не ауыз суға, не дені дұрыс жолға жарымай отырғандарына бірнеше жыл болған. Бұл ауылға "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша ауыз су тартылғанына екі жылдан асса да, әлі күнге дейін пайдалануға берілмеген. Тұрғындар аудан әкімінің шығарып салма жауабынан шаршағандарын айтады. Төзімі түгесілген ауыл халқы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровқтан көмек сұрап отыр.

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

Тасқын су бөгетті бұзып өткен