Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Басты

Әсия Төлесова саяси партия құратынын мәлімдеді

Елнұр Бақытқызы Авторы: Елнұр Бақытқызы
18.12.2020
Фото factcheck.kz сайтынан алынған

Фото factcheck.kz сайтынан алынған

Share on FacebookShare on Twitter

Азаматтық белсенділер Әсия Төлесова мен Әлия Жолболдина Progress саяси партиясын құрмақ.  Бұл туралы белсенділер бүгін Instagram пен Facebook әлеуметтік желілерінде өткен тікелей трансляция кезінде мәлімдеді.

“Қазіргі парламентте отырған адамдар менің өкілдерім емес. Меніңше, мен сияқты ойлайтындар көп. Біз парламент шын мәнінде халық өкілдерінен құралса, халық мүддесін білдірсе дейміз. Бұған қол жеткізудің жолы біреу. Ол – саяси партия құру”, – деді Ә.Төлесова.

“Біз жас буын мен прогрессивті ойлайтын халық сұранысына жауап беретін партия құрғымыз келеді. Бұл идеяны бұрыннан пісіріп жүрдік. Парияны құру бойынша жарты жылға жоспар жасадық. 1 маусым күні партияның алғашқы құрылтай съезін өткіземіз”, – деді Әлия Жолболдина.

Белсенділер саяси партияның бағдарламасын жасау үшін халықтан пікір жинайтынын мәлімдеді. “Азаматтардан елге қандай саяси реформа керек, нені өзгерту керек жайлы пікір сұраймыз. Аймақтарда жақтастарымызды жинаймыз. Партияның сайтын ашамыз”, – деді Ә.Жолболдина.

Ә.Жолболдина да, Ә.Төлесова да елде саяси партияны құруға кедергі көп екенін, бұл ұзаққа созылатын процесс екенін мойындайды. Алайда белсенділер бұл жағдайды өзгертуге үмітті.

“Әділет министрлігіне партияны тіркеу туралы құжаттарды тапсырған соң, министрліктен жауап алу жылдарға созылуы мүмкін екен. Алайда біз әділет министрлігіне 20 мың қолды тапсырған соң, министрліктен партияны тіркеу туралы өтінішті қарап, не “иә”, не “жоқ” деп жауап беруін талап етеміз. Қажет болса митингілер өткіземіз”, – деді Ә.Жолболдина.

Азаматтық белсенділер партияның артында ешкім тұрған жоқ, саяси және бизнес өкілдерінен, корпорациялардан, шетелден және олигархтардан қаржы алмайтынын мәлімдеді. Олардың айтуынша, партия қарапайым азаматтардың қолдауына сүйенеді. “Партия қарапайым халықтың аударатын ақшасының есебінен қаржыландырады. Сайт арқылы кез келген адам ақша аудара алады”, – деді Ә.Жолболдина.

 

 

 

Tags: Progress саяси партиясыазаматтық белсенді Әлия Жолболдинаазаматтық белсенді Әсия ТөлеосваАлия ЖолболдинаАсия ТулесоваАсия Тулесова заявила о создании партииӘлия ЖолболдинаӘсия ТөлесоваӘсия Төлесова партия

Ұқсас жазбалар

Жұмағали Маханов пен Бекжан Тұрыс

Жұмағали Маханов: «Бекжанға таңғалам, Бақытжанмен сырласам»

Авторы: Бағашар Тұрсынбайұлы
17.04.2021
0

­«Алдыңғылардың әңгімесінде» қонақта Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының актері Жұмағали  Махановпен сұхбаттасқан едік. Сахнаның қыр-сырын...

Есенғали Раушанов

Есенғали планета боп кеткен жоқ па осы…

Авторы: Бағашар Тұрсынбайұлы
16.04.2021
0

16.04.2021. Адам тірі кезінде түскен әдемі суреттері өлген соң неге мұңлы бола қалады екен... Бір кездері жарқылдаған көзқарасы да қош...

Есенғали Раушанов қайтыс болды

Авторы: malim
16.04.2021
0

Ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов қайтыс болды. Бұл туралы ақын Ақберен Елгезек Facebook парақшасында жазған. "Қадірлі ағайын!...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Цойдың жағымсыз сценарийі: үш айда 370 мың адам вирус жұқтырады

01.04.2021
Мейрамгүл Мұқаева

Ауруханаға күнде 10-15 литр тегін саумал әкеледі

16.07.2020

Солтүстікке барғандар оңтүстікке көшіп жатыр

20.12.2020

Тоқаевқа хат. Дәрігерлерін айыптап отырған Қазақстан ғана

30.04.2020
Көрнекі сурет ашық интернет көздерінен алынды

“Емтихан ережесін бұзған оқушыға кешірім жоқ”

25.06.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!