Ұзынағашта оңалту орталығы ашылды

Malim Админ

  • 15.12.2020

Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш кентінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Бұл туралы Malim.kz сайты хабарлайды.

Биыл Алматы облысында әлеуметтік бағытта бірқатар жұмыстар атқарылды. «Қамқорлық» оңалту орталығы соның бірі. Орталық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ қатысуымен өткен «Тәуелсізідк жолын жалғастырар ұрпақ» атты форум аясында ашылды. Осылайша Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ жаңа орталықты онлайн ашып берді.

«Қамқорлық» - мүмкіндігі шектеулі балаларды жетілдіру үшін қолға алынған әлеуметтік жоба. Енді ауруханалар іргесінен ашылған орталықтар жыл сайын бес мың баланы қабылдай алады. Ақысыз кешенді түрде оңалту жұмыстарын атқарады. Айтпақшы, бұндай орталықтар Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында да ашылды.

«Жастар жылының аясында дарынды балаларды қолдау үшін «Ел үміті» бастамасын ұсынған болатынмын. Бұл жастардың қабілеті мен кәсіби біліктілігін дамытуға арналған жоба еді. Сонымен қатар, біз тағы бір маңызды бастаманы – «Қамқорлық» жобасын жүзеге асырдық. Бүгін біз осы бастамалардың нәтижелерімен танысып, істеген ісімізді халыққа паш етіп отырмыз. Бұл бастаманы қолдағаны үшін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына, Үкіметке және әкімдіктерге алғысымды білдіремін. Сонымен қатар 2021 жылы өңірлерде тағы 7 орталықтың ашылуына және Алматы қаласында екі орталықтың қайта құрылуына қолдау көрсетулеріңізді сұраймын. Сондай-ақ мен барлық өңірлерді әр ауданда осындай орталықтар ашуға және бұрынғыларын жаңартуға шақырамын. Осы арқылы біз мүмкіндігі шектеулі балаларды және олардың отбасыларын қолдау аясын кеңейтеміз», – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Онлайн жиынға Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан БАЙЖҰМАНОВ, Жамбыл ауданы басшысы Бағдат ӘЛИЕВ және облыстық денсаулық мен білім саласының басшылары Өмірзақ НИЯЗБЕКОВ, Майгүл ОМАРОВА, Дамир СҰРАУЖАНОВ та қатысты.

Онлайн жиынан кейін Ұзынағаштағы орталықтың ашылу салтанатына қатысқан өңір басшысының орынбасары Батыржан БАЙЖҰМАНОВ игі істердің келекр жылы да жалғасатынын айтты.

«Бұл орталық қысқа мерзімде яғни екі айдың ішінде ашылып отыр. Жылына алты жүз баланы қабылдайтын болады. Бұйырса бұндай оңалту орталықтары облысымыздың басқа аудандарында да ашылатын болады. Себебі қиыр аудандарда арнайы медициналық маманның көмегіне мұқтаж балалар бар. Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ қолдауымен және кәсіпкерлердің демеуімен келесі 2021 жылы Талдықорғанда төрт орталық ашу жоспарда бар», - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан БАЙЖҰМАНОВ.

Жамбыл аудандық аурухана жанында ашылған «Қамқорлық» оңалту орталығының жалпы алаңы – 810 шаршы метр. Ол жерде жаттығу терапиясы, механотерапия, балеонотерапия, кәсіптік терапия, физиотерапия, логопедия, дефектология, биокерібайланыс терапиясы, бос терапия, шомгит, тұз бөлмелері ашылған.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды