«Еңбекқор əрі жауапкершілігі мол адамдар – біздің басты байлығымыз»

Malim Админ

  • 04.12.2020

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні Алматы облысында ерекше аталып өтілуі тиіс. Өйтені, еліміз бойынша аумағы ең үлкен облыста  халықтың  80 пайызы ауылды жерлерде тұрады. Сондықтар,  аграрлық саланың дамуы, ауыл шаруашылығының өрістеуі  халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететіні түсінікті. Осы себептен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыстағы басымдық берілген дақылдары өсіру, өңдеу ісін дамыту, инвестиция тарту дегендей салалардың негізгі бағыттары жайында, ауыл шаруашылығы саласындағы жаңалықтар мен жетістіктер турасында халыққа айтудан, түсіндіруден жалыққан емес.

«2020 жыл коронавирус індетіне байланысты оңай болған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес Үкімет дер кезінде қолдау шараларын қабылдады. Соның арқасында көктемгі егіс жұмыстары уақытылы жүргізілді. Облысқа көктемгі егіс жұмыстарына "Аграрлық несие корпорация" арқылы берілген 1,1 млрд теңге жеңілдетілген несие көп көмек болды. Егіс алқабының көлемі 7 мың гектарға артып,  968 мың гектарға жетті. Ауа райының қолайсыз болғанына қарамастан облыс еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегінің арқасында 1,4 млн тонна дәнді дақылдар жиналды. Жүгерінің шығымы  гектарына 67,2 центнерден болып, 581 мың тонна өнім жиналды. Қант қызылшасы биылғы жылы орта есеппен гектарынан 380 центнерден алынды.Жекелеген шаруашылықтарда бұл көрсеткіш 600-800 центнерге жетті, 550 мың тонн өнім жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 мың тоннаға артық. Биыл 50 мың тонна ақ қант алу жоспарланған. Осы ретте өңірдегі қызылша өсірушілерді қолдау мақсатында 2021 жылдан бастап өңдеуге өткізілген өнімнің әр тоннасына берілетін сусидия көлемін 10 мың теңгеден 12 мың теңгеге өсіреміз",­- деп атап өтті Амандық Баталов.

Алматы облысы егіс, жүгері, қант қызылшасының ғана емес, мал шаруашылығының аймағы.  облыс басшылығы мал шаруашылығын өркендету, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру, салаға стратегиялық инвесторлар тарту мәселелерін де күн тәртібінен түсірмей келеді. Әдетте, ауыл халқының қолында мал көп дегенімен, сол көп малдың етін өңдейтін зауыт жоқ. Осыдан кейін қолдағы малдың өнімділігін арттыру, мал етін экспорттау, терең өңдеу жұмыстарына фермерлердің тәуекел етуі екіталай боп келді. Енді міне, облыста америкалық «Тайсон фудс» компаниясының ірі қара етін өңдейтін зауыты, германиялық инвестор «Бауман» компаниясының ұсақ мал етін тереңнен өңдейтін жобасы қолға алынып, іске қосыла бастады. Жеті  жыл жұмысы тоқтап тұрған, қуаты  29 мың тонналық «Отан Грин Фуд» құс фабрикасы қайта жаңғыртылып, іске қосылмақ.

«Ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі 50,9 млрд. теңгеге жетті, жыл басынан 25 инвестициялық жоба іске қосылды. Жалпы қабылданған шаралар нəтижесінде жыл соңына қарай ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 900 млрд. теңгеге жетеді. Біз бұл табыстармен тоқтап қалмаймыз. Келесі жылы бұл көрсеткішті 1 трлн. теңгеге жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Біздің бүгінгі мақсатымыз – Президентіміздің Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін жəне ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есе арттыру туралы тапсырмасын орындау. Ол үшін бізде барлық жағдайлар бар, соның ішінде ең бастысы еңбекқор əрі жауапкершілігі мол адамдар – біздің басты байлығымыз. Сіздер, аграрлық саланың мамандары, өздеріңіздің күнделікті тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халықтың əл-ауқатын арттыруға, жалпы елдің дамуына зор үлес қосып келесіздер. Қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге алғыс айтамын»,­- деп сөзін қорытындылады Амандық Баталов.

Жиын соңында облыс әкімі А. Баталов бірқатар азаматтары марапаттап, түрлі сыйлық тапсырды. Мысалы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Ақсу ауданындағы «Марлен-А» ЖШС-нің жетекшісі Мұсеке Әміров, Ескелді ауданынан «Романенко В.В» ШҚ-ның басшысы Виктор Романенко, сарқандық «Самал» ШҚ басшысы Ермек Қалиев марапатталды. Сол сияқты өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласында Балқаш ауданындағы «Агрофирма Бірлік»  ЖШС үздік деп танылып, оның директоры Алмас Қыстаубаевқа І дәрежелі диплом мен «МТЗ-82.1» тракторының кілті берілді. Дәл осындай сыйлық шаруа қожалықтары арасында үздік атанған Жамбыл ауданының «Шалтабаева Ж.Е» шаруа қожалығына тапсырылды. Марапатты қожалық өкілі Талант Сеңгірбаев алды. Жиында сөз алған «Агрофирма Бірлік» ЖШС директоры Алмас Қыстаубаев серіктестіктің жұмысы туралы азды-кем айтып өтті. Оның айтуынша, ұжымның еселі еңбегінің және мемлекеттің жанды қолдауының арқасында биыл 4600 тонна күріш, 7200 тонна астық жиналған. 250 адам еңбек ететін серіктестік ірі және ұсақ мал санын қазір 10 мыңға жеткізген. Малдың жем-шөбі дер кезінде дайындалған, қиындық жоқ. Өнімдерін экспортқа шығаруға ниетті. Қайырымдылықпен де айналысып, көп балалы отбасыларына азық-түлік жағынан көмектесіп тұрады. А. Қыстаубаев еркін еңбек етуге мүмкіндік жасап, барынша қолдау көрсеткен ел басшылығына ризашылығын білдіріп, әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Мерейіңді өсіретін мұндай шарада қалай сөз сөйлемеске! «Шалтабаева Ж.Е» шаруа қожалығының өкілі Талант Сеңгірбаев та пікір білдіріп, жүрек жарды құттықтауын жеткізді. Ал облыс орталығына пандемия шектеулеріне сай жете алмай қалған ауыл шаруашылығы қызметкерлері төл мейрамдарының арнаулы күніне орай марапаттау рәсімдерін жергілікті жерлерде аудан, қала әкімдері жалғастырды.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды