Ақпанда жаңа автобус келеді!

Malim Админ

  • 05.12.2020

Талдықорған тұрғындарына ақ жолтай хабар! Ақпан айының басында Алматы облысының орталығында жолаушыларды жаңа автобустар тасымалдайды. Бүгін қаладағы автобустарды тестілеуден өткізу шарасына қатысқан облыс әкімі Амандық Баталов осындай жаңалықты айтып өтті. Әкімнің айтуынша, Талдықорғанға ақпанда келетін жаңа автобустар біріншіден Қазақстанда жасалған, екіншіден, жолаушыларға өте жайлы, іші кең, экологияны ластамайды.

Жалпы, Талдықорғандағы тозығы жеткен қоғамдық көліктердің жағдайы қашанда әкімнің назарында болып келді. Бірер жыл бұрын Амандық Баталов ескі арбадай зорға жүретін қоғамдық көліктерді жаңартатын уақыт келгенін, бұл ретте отандық автобустардың мүмкіндіктерін зерделеп көруді айтқан болатын. Енді міне, сол бастаманың қорытындысы ретінде «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-мен келісім жасалған және «Жетісу» ӘКК арқылы 55 жаңа автобус сатып алынбақ. Олар қаржылық, заңдық тұрғыдан барлық талаптарға сай келетін қаланың бірнеше автопарктеріне 7 жылға лизингіге беріледі.

Жаңа автобусты «СарыарқаАвтоПром» зауытының өкілі Александр Цой таныстырды. Автобустың кіреберіс баспалдағында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус қарастырылған, ал автобус ішінде қоларбаға арналған орын бар. Автобустың орындықтары жайлы, іші кең, арнайы бейнекамералар орнатылған. Экологиялық жағынан таза, яғни автобус газбен жүреді.  Көліктің барлық мүмкіндіктерімен танысқан облыс басшысы А.Баталов ұзындығы 10,3 м болатын үлкен автобустарды қаланың негізгі көшелеріне жүргізу керектігін айтты. Әкімнің бұлай айтуының себебі кіші көшеден үлкен автобус көзге көрінбей қалады деген пейіл емес екен. Керісінше пандемиядағы сақтық пен талап болып шықты. Үлкен көшеде сәйкесінше жолаушы көп. Ал пандемия кезінде жолаушы ара қашықтықты сақтау керек. Ал ондай мүмкіндік жасау үшін автобустардың іші осындай кең болуы тиіс. Кіші автобустар жолаушысы аз қосалқы көшелердің бағытында жүреді.

"Біз сіздерге осындай жаңа автобустарды 7 жылға лизингіге алып береміз. Бұл игілікті сіздер үшін емес, бірінші кезекте қала тұрғындары үшін жасап жатырмыз. Ал автопаркке көліктердің ішін таза қалпында сақтап, күтіп ұстау міндеті жүктеледі. Жүргізушінің жауаптылығынан бастап кондукторлардың киіміне дейін бірыңғай, жоғары талапқа сай болуы керек. Біздің Талдықорған басқа қалалардан кем емес, сондықтан біз қызмет көрсетудің жаңа деңгейіне шығуымыз керек", - деді А. Баталов.

Жалпы Талдықорғанда бүгінде 26 қоғамдық көлік бағыты бар. Бұл бағыттарда барлығы 196 автобус қатынайды. Олардың көпшілігінің базасы ескірген. Сондықтан «Ақнар», «Жан ел», «Сайман», «Таксопарк», «Транстал» сияқты жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелердің автопарктері үшін сатып алынатын «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-ның  55 жайлы жаңа автобусы қоғамдық көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік бермек. Өйткені қоғамдық көліктердің төрттен бірі бір мезетте жаңарады.  Ал  автобус парктеріне қоғамдық көліктер 7 жылға лизингіге беріледі. Алынатын автобустардың 25-і – Yutong маркалы, 27-сі – ПАЗ маркалы автобус.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады