«Nur Otan» үміткері үйіңе келгенде үміт оянады

Malim Админ

  • 22.12.2020

Қазығұрт ауданындағы Жаңабазар ауылының әр ауласы пікір сайыс алаңына айналып шыға келді.  «Nur Otan» партиясынан Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер үй үйді аралап, «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Қонақ келсе, төріне шығаратын ауыл халқы қазан асып, шай қоюға жүгіргенімен кандидаттар коронавирус сақтығынан аттап өтпеді. Есесіне, қонағын төріне шығартпаған коронавирус қызуы әңгімеге арқау болды. Пандемияда ауыл тұрғындарын қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету, тауарлардың бағасын шарықтатпау жайын тұрғындар күн тәртібіндегі бірінші мәселеге шығарды. Сондай-ақ, жаңабазарлықтар «алма піс, аузыма түс» заманы өткенін, пандемия талабы өз тауарыңды өзің шығарып, азық-түлік өнімдерін өз қолыңмен көбейтіп, оның сату мен тарту жолын кеңейтіп, ауыл халқын тұрақты жұмыспен қамту жағын баса айтты. Дәл осы мәселеде   Nur Otan» партиясы өкілдері мен тұрғындарының мақсат, талаптары бір жерден шығып жатты. Депутаттыққа үміткер Е.Исақұлов, Б.Смайлов, С.Саипов, Қ.Қамбарбекова, Г.Тулешова, Ғ.Сапаралиевтер ауыл аймаққа инвестицияларды тиімді салу, тарту, мемлекеттік бағдарламалар мен қолдауын  барынша тиімдіпайдалану, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру  және жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жайына назар аударды. Сондай-ақ, халықы тығыз елді мекендердегі мал жайылымдары мәселесін оңтайлы шешу, қосалқы шаруашылықтарды одан әрі дамыту мен жақсарту үшін мемлекет тарапынан қолдау, аудан аумағында арнайы агроаймақ құру жұмыстарын жалғастыруға қатысты пікір, ұсыныстарын айтты.

Мәселен, дәл осы өңірде «Nur Otan» партиясы мынандай шаралардың жүзеге асуына септесуге дайын отыр:

«Асыл бастау. kz» ЖШС-нің майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май өндіру өндірісін ашуға;

«Сапа-2002» ЖШС-нің мал бордақылау кешенін 20 000 басқа ұлғайтуға;

5000 бастық бордақылау алаңын салуға (ЖК «Р.Мамбеталиева»);

Қолданыстағы қайта өңдеу объектілерінің шығарылатын өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге ықпал етеді;

Кәсіпкерлер мен фермерлерге инвестициялаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуы үшін қолдау көрсетеді;

Мәслихат депутаттығына үміткерлердің сөзінше, осы шаралар жүзеге асқанда асыл тұқымды мал басының үлесі артып, мүйізді ірі қара мал саны 10 пайызға, қой саны 15 пайызға бірден артпақ. Ал ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу көлемі 2,5 млрд. теңгеге жетпек.

Тұрғындар «Есіктен есікке» акциясын өткізіп жүргендер үміткерлерге алғыстарын айтып, «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндерін айтып жатты.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Қазығұрт аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді