Мәселелер шешу алаңы кеңейеді

Malim Админ

  • 24.12.2020

«Nur Otan» партиясы атынан Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер М.Қалменов және Б.Есенбеков үгіт-насихат жұмыстарымен  Жылға ауылдық округінің тұрғыны Тойшиева Ханымай мен Алдиярова Анар апайдың отбасына барды.

Тұрғындардың отбасылық жағдайымен танысқан үміткерлер партияның бағыт-бағдарын баяндап берді. Ауданның табысты дамуының кепілі – ортақ мүдделерімен біріккен азаматтардың белсенділігі.

Бізге мемлекеттік органдар мен аудан тұрғындарының өзара қарым-қатынасының мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есеп берушілік және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 100%-ға жеткізуге; ауданның сауда объектілерінің 65 пайызын қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшуіне; «Nur Otan» ашық талқылау және аймақ тұрғындарының мәселелерін шешу алаңына айналдыруға; төртінші деңгейлі бюджетті бөлу кезінде жергілікті қоғамдастықтың барынша назарын аударуға; аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша іс-шараларды өткізуде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін іске қосуға; Қоғамдық кеңесте аймақ дамуының өзекті мәселелерін қарауға; аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде жергілікті қоғамдастықтың барынша назарын аударуға; мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге; жергілікті мәслихаттың құзіретін күшейтуге ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай «бір терезе» негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 100%-ға, сауда объектілерінің қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көрсеткіші 65%-ға жетіп, мемлекеттік қызметтердің 94%-ы автоматтандырылады.

Осылай деп партияның сайлауалды бағдарламаның тармақтарын жіті түсіндірген партиялықтар, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы сайлауда белсене қатысуға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

Байланысты жаналықтар

Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

13.01.2021

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

12.01.2021

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

11.01.2021

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

10.01.2021

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

04.01.2021

Байқаушыларға қажетті жағдай жасалған

04.01.2021
MalimBlocks
Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

Байқаушыларға қажетті жағдай жасалған