Шымкенттің жүзден аса тұрғыны сайлауда байқаушы болуға өтініш берді

Malim Админ

  • 24.12.2020

Бүгін Шымкентте мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттары сайлауына байқаушыларды дайындау брифингі өтті. Қалада 312 сайлау учаскесі бар болса, оның 293 ашық, 19 жабық учаске екен.  Сайлаудағы байқаушыларды 3 негізгі штаб дайындауда. Олардың қатарында бейпартиялық ерікті байқаушылар мен Азаматтық Альянс қауымдастығының, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы»  бірлестігі жанынан құрылған штабтары бар. «Бүгінгі таңда штабқа жүзден астам азамат өтініш білдіріп, тіркелді. Біздің негізгі мақсатымыз – кәсіби байқаушыларды дайындау. Тіркелген байқаушылармен сайлаудың заңдылықтары, байқаушының негізгі міндеттері мен әдебі тақырыбында семинарлар, ситуациялық жағдайларға байланысты тренингтер өтуде»,-деді Бейсенкүл Жақсыбекқызы.

Сондай-ақ, сайлауға ҚР Кәсіподақтар федерациясының атынан Шымкент қаласы бойынша 293 тәуелсіз байқаушы 8 сала бойынша тіркелген. Олар: денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік қоғамдық қызмет көрсету және жол-автокөлік, коммуналдық шаруашылық пен энергетика мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы салаларының мамандары.

«Біздің басты міндетіміз – сайлауды таза өткізу. Объективтілік, адалдық, ашықтық, жауапкершілік, жариялылық, саяси бейтараптық және кәсібилік принциптерін ұстану! Басқа ұйымдардың, тәуелсіз бақылаушылардың жұмысын құрметтеу, олармен ынтымақтастық орнату басты мақсатымыз»,- деді Шымкент қаласы Азаматтық Альянс аймақтық штабының төрайымы Баян Жандосова.

Байланысты жаналықтар

Бұл сайлауда тәуелсіз бақылаушыға жол жоқ

07.12.2020
MalimBlocks
Бұл сайлауда тәуелсіз бақылаушыға жол жоқ