NUR OTAN: Маңғыстауда 5 жылда 40 мың адамға үй салынады

Malim Админ

  • 25.12.2020

Мұнайлы ауданындық сайлауалды штаб мүшелері «Сауқымбек» ЖШС ұн комбинатында болып, жұмысшылармен экспромт – кездесу өткізді. «Сауқымбек» ұн комбинаты 2017 жылдың 16 желтоқсанында ашылған, қазіргі уақытта кәсіпорында шамамен 70 адам жұмыс істейді.  "Сауқымбек" ЖШС директоры Ақжібек Бердібекова атап өткендей, кәсіпорын халықтың өнімге деген қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Ұннан басқа, комбинат құрама жем, қатпарлы қамыр өндіреді, ал жақын арада өндірілетін өнім ассортименті ұлғайып, компания макарон өнімдерін де шығаруды жоспарлап отыр.  Кездесуде облыстық мәслихат депутатына кандидаттар Ж.Досжанова, Г.Тасболатова және Мұнайлы аудандық мәслихат депутатына кандидаттар Г. Бимембетова, А.Ахмедов, Э.Ширшикбаев, Б.Жұрынбай комбинат қызметкерлерін партияның "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" сайлауалды бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырды. Штаб мүшелері өңірді дамыту бағдарламасының басты басым бағыттары және алдағы бес жылға арналған жұмыс жоспары туралы айтып берді. Ұн комбинатының қызметкерлері партия өкілдерін мұқият тыңдап, көптеген сұрақтар қойды.

Сауалдарға талдау жасасақ, қызметкерлерді негізінен тұрғын үй алу, тұрғын үй жағдайын жақсарту мәселелері алаңдатады екен. Партия мүшелері 2025 жылға дейін «Nur Otan» өңірдегі тұрғын үй қоры мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жақсартуға қол жеткізетінін атап өтті.

Жыл сайын Маңғыстау облысында кемінде 500 мың шаршы метр жеке тұрғын үй пайдалануға беріледі, облыс қалаларында 2487 пәтерлік 48 үй, облыс аудандарында жалпы ауданы 66 мың шаршы метр болатын 1632 пәтерлік 89 үй салу жоспарланған. Кадрларды тарту үшін жатақханалар салынатын болады. Партия облыс орталығының жаңа он шағын ауданын спорт алаңдарымен абаттандыруға, жолдарды, жол жиектерін (бордюрларды), жаяу жүргінші жолдарды, тұрақ аймақтарын жөндеуге ұмтылады. Бұл шаралар 40 мыңға жуық адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Маңғыстауда 300 мыңнан астам адам сапалы тұрғын үй қорымен және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымымен қамтамасыз етіледі.

 «Nur Otan» партиясы Маңғыстау  облыстық Мұнайлы ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Байланысты жаналықтар

Медицина сапалы қызметіне қолжетімділік артады

06.01.2021

Елу мобильді автобус аялдамасы орнатылады

06.01.2021

"МАҢҒЫСТАУ ЭНЕРГО" ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

15.12.2020
MalimBlocks
Медицина сапалы қызметіне қолжетімділік артады

Елу мобильді автобус аялдамасы орнатылады

"МАҢҒЫСТАУ ЭНЕРГО" ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ