Көпбалалы аналар «NUR OTAN»-ды қолдайды

Malim Админ

  • 25.12.2020

Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Айгүл Арынғазиева, Талғат Хамитов, Мұратбай Әжібаев 12 ықшам ауданындағы «Сити» сауда орталығында  тұрғындарға сайлауалды үгіт-насихат айтып, парақшалар таратып, алдағы сайлауға шақырды.

Тұрғындарға үгіт-насихат парақшаларын тарату барысында Айгүл Арынғазиеваға жолыққан қала тұрғыны «Nur Otan» партиясын ақтөбелік көпбалалы аналардың барлығы қолдайтынын жеткізді.

­­-Біз бұрыннан «Nur  Otan» партиясын сайлап қойдық. Дәл осы партия жеңіске лайық. Ақтөбедегі «Ана мен бала» тобындағы көпбалалы аналар сіздерге сеніп отыр. Еліміздегі алдыңғы қатарлы партияның жеңіске жететіне сенімді. Қаламыздағы барлық көпбалалы аналар « Nur Otan» партиясын қолдайды деп сеніммен,- деді кездесуде жолыққан көпбалалы ана.

Алдағы сайлаудың 10 қаңтар күні болатынын айтқан кандидат, «Nur Otan» партиясының жеңіске жететініне сенімді.

-Өміріміздің жарқын болашағаны армандасақ, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын. Партия алдағы сайлауда қала бойынша негізгі жеті бағытын ұсынды. Жоспарымызды халықпен бөлісіп, қашан да қуанытып жүргіміз келеді. Алдағы уақытта, яғни бес жылдық жоспар бойынша қаламызда көптеген өзгерістер болады. Жаңа үй, мектеп, жұмыс орындары салынады. Жастарымыз жұмысқа толықтай орналасуға мүмкіндік алады. Жаңа зауыттар өз жұмысын бастайды. Қаламызда бейнекамералар орнатылып, қапуіпсіз әрі жайлы қалаға айналады. Мәдениет саласынан да оң өзгерістер күтеміз. Газ, су, жарық жетпеген аймақтар тізімге алынды. Жоспар бойынша барлығы орындалатын болады. Сондықтан алдағы сайлауда міндетті түрде ақтөбелітердің көбі біздің партияға дауыс береді деп сенемін,-деді Айгүл Арынғазиева.

Ал Талғат Хамитов болса алдағы сайлаудың маңыздылығын айтып, алдынан кездескен әр тұрғынды сайлауға шақырды. Оның айтуынша, осы жолғы сайлау бұрыңғы сайлауларға қарағанда өзгеше екен.

-Барлығымыз күтіп жүрген сайлау шын мәнінде өзгеше болады. Осы Сайлауда партияларды сайлайды. Бес парияның ішінен халықтың біздің партияны қолдайтынына сенемін. Елімізде қиын жағдайлар болған кезде де біздің партия қолдау көрсетті. Сондықтан алдағы сайлауда халық бізге қолдау танытатын шығар. Бағдарламаға сәйкес, «Nur Otan» партиясы барлық саланы қамтамасыз етеді. Соның ішінде кәсіпкерлік саласына ерекше тоқталғым келеді. Кәсіп бастайтын әр адамды жеке қолдайтын болады. Соның ішінде бүгінгі таңда шағын және орта бизнес дамып тұр. Неше түрлі бағдарламалар арқылы оқуға болады. Ақылы немесе ақылы емес курстар да бар. Әр қазақтың бір бизнесі болса бай ел болатынымыз анық. Кәсіпкерлер үшін жыл сайын кәсіп ашу және бизнес жүргізу бойынша оқу курстары, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай 20 мыңнан астам жұмыс орыны құрылады, ШОБ-та жұмыс істейтіндердің саны 133,4 мың адамға дейін және бюджетке түсетін түсімдердің үлесі 60%-ға дейін артады,-деді Талғат Хамитов.

Үгіт-насихат парақшасын алған әр тұрғын алдағы сайлауға баратындарын жеткізді. «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндерін айтып, сәттілік тіледі. Ал Мұратбай Әжібаев болса партия бағдарламасындағы азық-түлік саласының жаңа өзгерістерін айтты. Жыл сайын дамитын экологиялық салаға тоқталып, ақтөбелік тұрғындарға қашан да қолдау білдіретінін айтып өтті.

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысы Ақтөбе  қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді