Партия тұрғындарды министрмен кездестірді

Malim Админ

  • 03.02.2020

«Nur Otan» партиясы өз мінбері арқылы Үкімет пен халық арасында диалог орнатуды жылғастыруда. Қарапайым адам үшін министр я болмаса әкімнің қабылдауына жазылу оңай емес. Бүгін билік партиясы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВПЕН кездесу ұйымдастырып берді.

Партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің есігі кез-келген адам үшін айқара ашылды. Және республиканың кез-келген өңірінен келген азаматтың министр Бейбіт Атамқұловпен кездесуге жағдай жасалды.

2019 жылдың шілде айында президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ үкіметтің кеңейтілген отырысын алғаш рет өткізгенде «еститін мемлекетке» айналуымыз тиіс деген болатын. Яғни министрлер, комитет пен агенттік басшылары, облыс, қала, аудан әкімдері елдің талап арызына дер кезінде құлақ асуы керек деп шегелеп тұрып айтқан. Парламентте көп орынға ие «Nur Otan» енді өз алаңын осында қоғам һәм мемлекет үшін мағызды шараға ұсынып отыр.

Министр мырзаның қабылдауына Түркістан облысына қарасты Жаңатұрмыс ауылынан Мейірхан ҚАМБАТЫРОВ есімді ақсақал келді. Төле би ауданынан арнайы келген азамат жол мәселесін көтерді. Жаңатұрмыстан келген ақсақал көршілес Нысанбек елді мекенімен қатынау жағы қиын екенін айтып берді. 3,9 шақырым жол өткен ғасырдың жетпісінші жылдарысоңғы рет жөндеу көріпті. Сондықтан да жолға шыққан жолаушыны әуреге салып, бар-жоғы төрт шақырымдай ғана жолды ұзартып жібереді екен.

«Көктемде жаңбыр жауса жол лайға айналады. Жазда шаң көтерілгенде тіпті қыйын. Жергілікті билік өкілдеріне бұл проблеманы айттық. Барлығы бұдан хабардар. Бір-ақ шешімін табатын емес. Міне мұқым бір ауылдың тілегін сізге айтып отырмын», - деді Мейірхан Қамбатыров.

Ақсақалдың сөзін бөлмей тыңдаған Бейбіт БӘКІРҰЛЫ облыстық маңызы бар бұл жолға қазынадан қаржат бөлінгенін және жуырда жол салынатынын айтты.

«Айтып отырғаныңыз маңызды мәселе. Бұнымен жалпы құрылыстарға  жауапты комитет бар. Соның басшысы Сайранбек БАРМАКОВКЕ «Жергілікті атқарушы органдармен байланыссын» деп тапсырма бергенмін. Міндетті түрде ол жолды жасаймыз», – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің басшысы  Сайранбек СОЛТАНБЕКҰЛЫ партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінен табылды. Қазір Жаңатұрмыс-Нысанбек арасындағы жолға қатысты атқарылып жатқан нақты шаруалар туралы мәліметтермен бөлісті.

«Қазір Нысанбек – Жаңатұрсыс арасындағы күре жолдың сметасын әзірленіп болған. Оған 107 млн теңге кетеді. Бұл сомма облыстық биылғы бюджетіне кірді. Түркістан облысының бюджетіне бұл қаражат қарастырылмаған жағдайда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі шығының 50%-ын бөлуге дайынбыз», – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің басшысы  Сайранбек СОЛТАНБЕКҰЛЫ.

Министрге мұңын шағып Шығыс Қазақстан облысына қарасты Курчатов қаласынан Қасиет ЗҰЛҚАРШЫН, Алмат қаласынан Йогурт СЕЛАХЕТТИН және астаналық Хадиша БӘКЕНҚЫЗЫ келді.

Атом полигонына жақын болған қала тұрғыны елдегі экологиялық басқа да маңызды мәселелрді айтса, алматылық Йогурт Селахаттин мырза да оңтұстік астанадағы экологиялық мәселені көтерді. Дәлірек айтқанда Бутаковка шағынауданыдағы табиғаты керемет жердегі заңсыз құрылыс. Айтуынша, су қорғау аймағында заңға қайшы бір кәсіпкер мейрамхана салып тастаған. Ал астаналық Хадиша Бәкенқызы өзінің жеке басының проблемасын шешіп беруді сұрады. 69 жастағы әжейді үстіне 2018 жылдың он төртінші мамырында цементтен құйылған плита құлаған. Омырқасы сынып, ми зақымданған екен. Осылайша жазым болған кейуана вокзал басшысынан өтемақы талап еткен. Алайда оған қол жеткізе алмапты. Содан кейін ем-домға банктен несиеге екі миллион теңге алуға мәжбүр болған. Енді банктің алдындағы берешекті төлеу қиынға соғыпты. Қарт ана министрден жәрдем беруін сұрады.

Қысқасы, министр Бейбіт Атамқұлов барлық сөйлескен адамдарға сөздерінің жерде қалмайтынын жеткізіп, тиісті мемлекеттік мекемелерге арнайы тапсырма беретінін және өзі қадағалап отыратынын айтты.

Былтырғы 2019 жылдың екінші қыркүйек күні мемлекет басшысы халыққа жолдауында қоғамдық диолог пен биліктің ашықтығы керектігін мәлімдеген. Президент Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ «көп жағдайда халық президентке хат жазып, үндеу жолдайды. Ол үкімет мүшелерінің естімейтіндігінен» деген еді. Ал «Nur Otan» халықтық демократиялық партиясы ұйымдастырып отырған бұл шара президент айтқан халық пен билік арасындағы қарым-қатынастың жаңа бір көпірі іспетті.

Бақытжан БЕРІКҰЛЫ

Фото: nurotan.kz

Байланысты жаналықтар

Мәжіліске өткен партиялар анықталды

27.03.2023

«Ақ жолдың» ұстанғаны қай жол?! 

19.01.2023

Сырымбек Тау: Respublica партиясы Meta жолды таңдайды

16.01.2023

Саясаттанушы:  «Әкімдер партияның дербес болуына мүмкіндік берсін» 

22.08.2022

Мұхтар Тайжан партия құрып, жер қорғамақ

16.03.2022

Депутаттар “Нұр Отаннан” шығып жатыр

25.01.2022
MalimBlocks
Мәжіліске өткен партиялар анықталды

Мәжіліс депутатының мандаттары қалай бөлінді?

«Ақ жолдың» ұстанғаны қай жол?! 

Азамат Әбілдаевтың мәселесі бүгін арнайы кеңесте қаралады

Сырымбек Тау: Respublica партиясы Meta жолды таңдайды

Саясаттанушы:  «Әкімдер партияның дербес болуына мүмкіндік берсін» 

Қай кезде де халықтың арасынан табылуға тиіс

Мұхтар Тайжан партия құрып, жер қорғамақ

Саяси белсенді Мұхтар Тайжан Жер қорғаны партиясын құратыны туралы хабарлады.

Депутаттар “Нұр Отаннан” шығып жатыр

Семейлік екі депутат елдегі басқарушы партиядан көңілі қалғандарын айтып, өз еркімен партиядан кететіндерін мәлімдеді.