Шенеунік құрылысшы досымен бірге 60 млн жымқырған

Malim Админ

  • 26.12.2020

Ақтөбе №2 қалалық соты облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Нұрлан ИМАНАЛИНГЕ қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Malim.kz сайты хабарлайды.

Экс – шенуінік қылымыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп табылып жеті жылға бас бостандығынан айрылды. Қызметін бабын асыра пайдаланды, мемлекеттік сатып алу саласында алаяқтық жасады деген айыптар тағылған еді.

Сотта белгілі болғандай Иманалин 2017 жылдың 7 қыркүйегінде басқарма басшысы боп кезінде өзі басқарған «Ақ Саток» ЖШС-мен келісім жасасады. Яғни Мұғалжар ауданында 320 орындық мектепті 749 млн 162 мың 400 теңгеге.

Ақтөбе облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы істелінбеген жұмыстың актісіне қол қойып, «Ақ Саток» компаниясына 60 млн 703 мың 175 теңге аударып жіберген. Компнаия басшысы Даниярбек ҚОЙБАҒАРОВ ол қаражаттың бір бөлігін Иманалинге әкеп берген. Сондай-ақ, құрылыс компаниясы уақытында мектепті аяқтамаған. Ол үшін құрылыс басқармасы олармен келісім-шарт бұзылмаған.

Бюджет қаражатын жымқырудан бөлек судья Ербол МҰСАБЕКОВ   Нұрлан Иманалин полицияға қоқан-лоқы көрсеткені үшін айыпты деп тапты. Мемлекеттік қызметтен кеткеніне екі күн болған Иманалин 2020 жылдың 22 наурыз күні үйінде арақ ішіп алып мылтықпен полицейлерді қорқытқан. Сол күні үйінде шу шығарғна соң полицияны экс- шенеуніктің ұлы шақырған екен. Алайда Иманалин «егер қақпаны ашып кірсеңдер атамын» деп мылтығын кезеп боқтық сөздер айтыпты. Алайда, сотталушы өзіне тағылған айыптармен келіскен жоқ.

Фото ғаламтордан алынған.

MalimBlocks
Ақтөбе шенеуніктері параны қарызға алатын болған ба?