Ертісбаев: Дмитрий Олейников супер профессионал

Malim Админ

  • 26.12.2020

Qaznet-те сын астында қалған Хабар агенттігінің журналситі Дмитрий ОЛЕЙНИКОВҚА бұрынғы ақпарат министрі Ермұхамед ЕРТІСБАЕВ араша түсті.

«Дмитрий Олейников кәсіби деңгейі супер жоғары журналист. Ол қауіпті тақырыпты ұстап тұрды. Қос ел арасныдағы жағдайға байланысты қауіпті тақырып талқыланған еді. Максим Шевченко Грудиннің сенімді өкілі. Путинге қарсы оппозиционер. Ол өзіне қажет саяси идеологиямен айналысады. Ол сол бағытқа бағдарламаны бұрып жібермекші болды. Дмитрий Олейников оған жол бермеді. Егер біз оның айтқанымен кетсек не болар еді. Ол Никонов, Федоров Крмельдің тапсырмасын орындады дейді. Мемлекеттік «Хабар» телеарнасы осыған жол берсе екі ел арасындағы жағдайды ушықтырар еді. Жанармайға от қойғандай  болар еді. Ондайды күтіп жүргендер бар. Осы тұрғыдан Дмитрийге рақмет. Мен «Хабарда» осындай журналистердің жұмыс істейтініне қуаныштымын. Ол бағдарламаны жақсы жүргізіп шықты. Бұл тек қана менің ғана пікірім емес», - деді Ертісбаев.

Әңгіме Хабардағы «Большая неделя» бағдарламасында басталды. Бағдарламаға қонақ болған ресейлік саясаткер Максим ШЕВЧЕНКО қазақ тәуелсіздігіне тіл тигізген депутататр Никонов пен Федеровтың империалистік-шовенисттік мәлімдемелерін сынап, бұның артында Путиннің саясаты жатыр деген болатын Осы тұсты хабарлық журналсит Шевченконың сөзін бөлумен болды.

Оқи отырыңыздар: Керек болса, Қазақ жерін 80 млн түрік қорғауға дайын

Әлеуметтік желіде Олейников қай елдің журналисті? Қазақ азаттығын қолдап отырған Шевченконың аузын жауып, ал Никонов пен Федоровтарға қарсы бір сөз де айталмауын қалай түсінеміз деген сипаттағы посттар көптеп жазылды.

«Жүргізуші деген жай сұрақты қоя салып эфирде хаусқа жол беріп қойып отыру керек пе? Дмитрий ғажап модератор. Әлеуметтік желіде болып жатқан шабуылдар мен айтқан өрт болмай қалған соң басталды», - деп пікірін білдірі Ертісбаев

Әлеуметтік желіде «Хабар» басшысы Ерлан БЕКҚОЖИН ел алдына шығып түсініктіме берсін, Олейников жұмыстан қуылсын деген де талаптар қойылған. Алайда «Хабар» телеарнасының facebook.com-ғы парақшасында «бұлбұл» атанған Ертісбаевтың Олейниковты жақтаған видеосы жарияланды.

Оқи отырыңыздар: Дос Көшім: Қазақ жерін өзінен басқа ешкім қорғамайды

2020 жылдың 10 желтоқсан күні Ресей мемлекеттік «Первый канал» телеарнасында дума депутаты Вячислав НИКОНОВ «Қазақстан территориясы  – Ресейдің берген сыйлығы» деп мәлімдеді. Никоновтың партияласы Евгений ФЕДОРОВ «қазақтар біз берген жерді сыйлық деп қабылдамаса, өзімізге қайтарыңдар» деп  әңгімені өршіте түскен. «Единая Россия» партиясының қос депутатының сөзін ЛДПР төрағасы Владимир ЖИРИНОВСКИЙ де қолдай түскен болатын.

MalimBlocks
"Хабар" тілшілеріне тағы да бронежилет алмақ