«Ақ жол» әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етпек

Malim Админ

  • 30.12.2020

Бүгін “Ақ жол” партиясының үгіт-насихат тобы өз сайлауышыларымен кездесті. Кездесу бұл жолы астанада өтті. Партия атынан парламент мәжілісі депутаттағына үміткерлер азаматтармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ақжолдықтардың айтуынша, әлеуметтік әділеттілік және ел азаматтарының қадір-қасиетіне деген көзқарасы білім беру мен медицина сапасымен, тұрғын үй, лайықты жұмыстың қолжетімділігімен айқындалады. Осы салалардың әрқайсысы қаржыландырудың жетіспеушілігі мен жемқор шенеуніктердің ұрлығынан зардап шегуде.

Қазақстан сияқты бай елде ел заңдары, үкімет пен уәкілетті мемлекеттік органдар ата-аналар балаларын емдеу үшін ақша жинап, ал аналары түнде жұмыс істеуге және балаларын қараусыз қалдыруға мәжбүр ететін жағдайларға жол берілмеуі тиіс. Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету үшін партия белсенділері елде бірнеше шара қолға алынуы керек деген сенімде. Оларға мысал:  ипотека, тұтыну тауарлары үшін, шағын және орта бизнес пен халықтың тұтыну қажеттіліктері несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін  7-8 пайыздан аспайтын болуы керек. Адамдар мен олардың балаларын коллекторлардан қорғау үшін – «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң қабылдануы керек. Кедейлікке  ұшыраған қарыз алушылардың жалғыз баспанасы мен әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы қамтамасыз етілу тиіс.