Бахаргүл Төлеген: Елді мекендерді қазақыландыру қажет!

Malim Админ

  • 03.01.2021

Еліміз егемендікке жетіп, өз тізгініміз өзімізге тигелі бері облыс, қала, аудан-ауылдарды, тіпті көше атауларын бұрынғы атына қайтаруға тырысып-ақ жүрміз. Кеңестен қалған ескі қызыл күпіні шешіп, қазақтың жер-су атауларын қайтадан жаңғырту, тарихи-географиялық атауымен қайта атау негізгі мәселелердің бірі.
Алайда, ономастика саласындағы түйткілді мәселелер түбегейлі шешімін тауып, жүйеге түсе алмады. Әсіресе қоғамда ерекше пікірталас тудырып, құзырлы орындардың назарын аударып жүрген Павлодар мен Петропавл атаулары әлі де өзгермей тұр. «Александровка», «Сергеевка», «Курский», «Ленин», «Комсомольский» сияқты атаулар қазақтың кең даласында қаптап кетті. Әлі күнге дейін еліміздің солтүстік аймақтарында елді мекен мен көше атауларының басым бөлігі өзге тілде. Оларды қазақыландыруға бұдан 10 жыл бұрын жарияланған мораторий мүмкіндік бермеген еді.
2017 жылы бұл шектеу алынды. Яғни, діл қазір идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын атауларды ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгертуге толық негіз бар.
Петропавл мен Павлодар облыстарының атауын өзгерту жайында ел арасында пікір дүмпуі тым күшті болып тұр. Петропавл жайына келер болсақ, Бiлiм беру iсiнiң үздiгi, ұстаз Боранбай Мәженов осы жерде мекен еткен қазақтар бұл қаланы әуелден Қызылжар деп атаған деген дерек келтіреді. Себебi, қала Есiл өзенiнiң биiк жар қабағына орналасқан екен. Жар қабақтың топырағы қызыл болған. Көктем сайын Есiлдiң суы тасығанда, лайланып, қызыл-қоңыр түске боялады екен.
Ал, Павлодардың бұрынғы атау жайлы ел ішінде болжамдар көп. Зерттеушілер «Кереку» деген сөзге тоқтайды. Кереку атауы қазақтардың ежелгі дәстүрі бойынша, елдімекендерге тарихи-жағрафиялық ерекшеліктеріне қарай қойылған көне атаулардың бірі болып есептеледі. Атаудың түп төркіні Қимақ дәуірінен (IX–X ғ.ғ.) бастау алуы мүмкін. Қимақ қағанатының орталығы Қимақ шаһарының Ертіс бойында, Кереку өңірінде болғаны және бірқатар ірі–ірі қалалар – сауда орталықтарының да осы орта Ертістің бойында орналасқаны тарихтан белгілі.
Соңғы деректерге сүйенсек, еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері 3000-нан аса атау өзгертілген. Оның ішінде білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау ұйымдары, 23 қала мен аудан атауы, 1361 елді мекен және 20 мыңға жуық көше атаулары қайта рәсімделген.
Құзырлы мекемелер осы қарқынмен жұмыс істей берсе, сондай-ақ «Ауыл» партиясы мәжіліс пен маслихаттарға өтіп жатса еліміздегі көптеген ауыл-аймақтар өзінің бұрынғы атауын қайтарып аларсы сөзсіз.

"Ауыл" партиясының сайлау қорынан төленді

Байланысты жаналықтар

Зейін ӘЛІПБЕК: Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз.

08.01.2021
MalimBlocks
Зейін ӘЛІПБЕК: Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз.