Nur Otan: жастардың мәселесі басты назарда

Malim Админ

  • 05.01.2021

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Әйтеке би аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Әлібаев Марат Көпжасарұлы «Nur Otan» партиясы Әйтеке би аудандық филиалының ғимаратында Әйтеке Би ауданының белсенді жастарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында алдағы бес жылда ауданда жастарға арнап атқарылатын жұмыстармен таныстырды. Атап айтар болсак  Т. Жүргенов ауылында «Coworking Center» ашылып, жастардың шоғырланатын ордасына айналатынын айтты. Жұмыссыз жүрген жастар арасынан жыл сайын кемінде 120 жасты жұмысқа орналастыруды дәстүрге айналдыратынын жеткізді. Аудан орталығындағы Әйтеке би көпсалалы колледжінде қазіргі  заманға сай  сұранысқа ие мамандықтарды ашып, алыстағы жерге оқуға бармайақ та, аудан орталығында білім алуға болатынын хабарлады. Аз  қамтылған отбасынан шыққан жастарды, жұмыссыз жүрген жастарды «Жасыл ел» еңбек топтарына  қосып, жазғы демалыста кемінде 450 жасты жұмысқа орналастырып,  жастар арасындағы жұмыссыздықты (15-28 жас) 2,9 пайыздан 2,5 пайызға дейін төмендету  жайын тілге тиек етті.

Кездесуде жастар үміткерге жастардың жиналатын ордасының жоқтығын айтты.  Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Әлібаев Марат Көпжасарұлы  барлық ауылдық округтерде жастардың бір ортаға жиналатын еріктілер клубтарын құру және ауданда халықаралық еріктілер форумын өткізу арқылы ауданда еріктілер қозғалысын дамытуға уәде берді.

Кездесу соңында 10 қаңтарда болатын сайлауда жастар «Nur Otan» партиясына сенім артып дауыс беретінін Әйтеке би жастары «Nur Otan» партиясымен біргеміз деп ұрандатты.

«Nur Otan» партиясының Ақтөбе облысы Айтеке би аудандық сайлау қорынан төленді

Байланысты жаналықтар

Аудандағы білім сапасын арттыру басты міндет

06.01.2021

Nur Otan ерекше жандардың қамқоршысы

06.01.2021
MalimBlocks
Аудандағы білім сапасын арттыру басты міндет

Nur Otan ерекше жандардың қамқоршысы