«Nur Otan» партиясының дайындығы басым

Malim Админ

  • 05.01.2021

«Nur Otan» партиясы: жыл сайын кемінде 700 жаңа жұмыс орындарын және 30 жаңа бизнес нысандарын ашамыз.

Жуырда өтетін ең үлкен саяси оқиға – Парламент және мәслихат депутаттарының сайлауына байланысты үгіт-насихат жұмыстары барлық деңгейде жүзеге асуда. Кеңінен белең алып, қызу жүріп жатқан саяси науқанға «Nur Otan» партиясының да дайындығы басым.

Өткен жұмада «Nur Otan» партиясы республикалық штабтың өкілдері Қобда ауданында болып, үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Олардың ауданға сапары Талдысай елді мекенінде ауыл тұрғындарымен кездесумен басталды. Кездесу барысында сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ауыл тұрғыны Қосмағанбетов Айбек ауылішілік екі көше А.Молдағұлова және Абат-Байтақ көшелерін күрделі жөндеуден өткізілсе деген ойын жеткізді. Аталған мәселе Қобда ауданының сайлауалды бағдарламасында келесі 2021-2022 жылы жоспарда бар құрылы басталады деп нақты жауап алды. Айтар кетсек Талдысай ауылының тұрғыны Қосмағамбетов Айбек Сегізбайұлы ағымдағы жылдың тамыз айында Бауыржан Қыдырғалиұлына онлайн қабылдауында болып, көшелердің жөнделуі туралы мәселе көтеріп, бүгінгі күні аталған мәселе шешімін тапқаны үшін ризашылығын білдірді. Одан кейін Қобда ауданының орталығында білім саласының қызметкерлермен кездесу өтті. Кездесуге 40 адам қатысты.

Бақытжан Смағұлов бастаған республикалық штаб өкілдері «Арай» мейрамханасында Қобда ауданының ұстаздар қауымымен кездесті. Ол өз сөзінде қазіргі мұғалімдердің елдегі барлық саяси үдерістердің алдыңғы шебінен табылатынын айтып жеткізді. Республикалық ауған соғысы ардагерлері қоғамының төрағасы, ауғандық жауынгер, ақын Бауыржан Смағұлов батырлар мекені Қобда өңіріне арнап шығарған керемет өлең жолдарын оқып, көрерменнің көңілінен шықты. Партия бағдарламасында мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесі де кеңінен қамтылғанын айтты. Өз сөзінде Бақытбек Смағұл алдағы 5 жылда білім саласын дамытудың негізгі басымдықтарын айтатын болсам. Ол, біздің міндетіміз – мұғалім кәсібінің беделін одан әрі көтеріп, ұстазға құрметті күшейту. Енді педагогтар жалақысы 2 есе өсетін болады. 2025 жылға қарай 800 жаңа білім беру нысанын салу есебінен апатты және үшауысымды мектеп мәселесі шешіледі. Сондай-ақ, шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда 5 мың мектеп жаңғыртылады. Барлық ауылдық мектептер жылдамдығы жоғары Интернетпен қамтылатын болады. Елбасының Мемлекеттік бағдарының сабақтастығын сақтай отырып, «Nur Otan» қоғамда, әсіресе жастар арасында өзара құрмет пен барша азаматтың теңдігі құндылығын дәріптеуді жалғастырады. Біздің бағдарламамызда жастарды жұмыспен қамтуға және олардың өз қабілеттерін жүзеге асыруы үшін жағдай жасауға ерекше мән берілген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» Съезінде атап өткендей, сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алуға арналған гранттар санын 50%-ке ұлғайту жоспарланып жатыр. Жастар ұйымдарының жобаларын және волонтерлік қозғалысты дамытуды гранттық қаржыландыру 1,5 есе ұлғайтылады. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында студенттердің шәкіртақысын 2 есе, магистранттар мен докторанттардің стипендиясын – 1,5 есе көтеру, колледждер мен университеттер жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын енгізу көзделуде. Назарбаев Университетінің үлгісімен 2 өңірлік озық жоғары оқу орны ашылады. Тиімсіз білім ордалары кезең-кезеңмен жабылады. Сонымен қатар сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алу үшін 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту шаралары қабылданады деп өз сөзін қорытындылады. Ұстаздардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, назарға алынды.

«Nur Otan» саяси партиясының үміткерлерінің Қобда ауданына насихат жұмысы Бауыржан мейрамханасында өткен медицина саласы қызметкерлерімен өткен кездесуге ұласты. Бақытжан Смағұлов биылғы жылғы ақ халатты абзал жандардың жанқияр еңбегі жайлы әңгімеледі. Биліктің партиясы болып саналатын саяси құрылымның негізгі жоспарының бірі бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыру екендігін алға тартып, дәрігерлерге арнаған өлеңін оқып берді.

Өз тілшімізден

«Nur Otan» партиясының Ақтөбе облысы Қобда ауданының Сайлау қоры қаражатынан төленді.

 

Байланысты жаналықтар

«Nur Otan»: Қобда ауылында 16 арендалық пәтер салынады

05.01.2021
MalimBlocks
«Nur Otan»: Қобда ауылында 16 арендалық пәтер салынады