«Nur Otan»: Қобда ауылында 16 арендалық пәтер салынады

Malim Админ

  • 05.01.2021

«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер, кәсіподақ ұйымының басшысы Амиргалиев Алтынбек Аманұлы Қобда ауданының тұрғындарымен кездесті.

- Соңғы жылдары облыста жаңа жұмыс орны ашылғанына қарамастан, биыл пандемия кезінде халықтың бір бөлігі тұрақты жұмысынан және кірістерінен айырылды. Сондықтан 2025 жылға қарай орташа жалақыны кем дегенде 135 мың теңгеге дейін арттыру туралы мәселе көтеріліп отыр. Ол үшін облыстың мекемелері өз қызметкерлеріне міндетті жалақы төлеуі керек. Сонымен қатар, алдағы жылдары облыста жыл сайын кем дегенде 700 жаңа жұмыс орны құрылады, ал бос жұмыс орындарына жыл сайын кемінде 1,2 мың адам жұмыспен қамтылатын болады, - деді Алтынбек Амиргалиев партияның сайлауалды бағдарламасынан.

Сонымен қатар  үміткердің айтуынша жайлы тұру үшін тұрғындарды сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, көшелер мен аулаларды абаттандыру мәселелері шешіледі. Тұрмыстық жағдайды жақсарту үшін жыл сайын Қобда ауданында жалпы ауданы 1000ш.м құрайтын 16 жалдамалы пәтер, сондай-ақ Әлия ауылында ауданы 140 шаршы метр құрайтын  екі пәтерлі тұрғын үй салу аймақтық даму бағдарламасына енгізілді. Сонымен қатар жеке құрылыс салушылармен 60 жеке тұрғын үй салу арқылы кем дегенде 240 адамға баспана беру көзделген. Осы бастамалардың нәтижесінде ауданымызда 1,2 мыңнан астам аудан тұрғындары баспаналы болады.

Үміткер Алтынбек Аманұлы ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту туралы айтты.

  • - Бүгінгі таңда аймақтағы шағын және орта бизнесті дамыту - сайлау бағдарламасының басты басымдықтарының бірі. Соңғы жылдары ауданымызда кәсіпкерлік саласында оң өзгерістер байқалады. Шағын және орта бизнестің саны, өндіріс көлемі және бюджетке салық түсімдері артып келеді. Алайда, биылғы жылы COVID-19 эпидемиясының таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Сондықтан, бүгін біз осы секторды қысқа мерзімде жандандыруымыз керек. Осы орайда кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кемінде 25 адамнан тұратын жылдық кәсіптік оқыту (1 жылдан астам) және кемінде 50 адамнан тұратын қысқа мерзімді (3 айға дейін) оқыту, бұл коронавирус пандемиясының салдарынан жұмыссыз қалған жұмысшылардың тапшылығы мен жұмыспен қамтылуын шешеді.
  • Бизнесті несиелендіру механизмдерін пайдалануды кеңейту арқылы 5 жыл ішінде 30жаңа бизнес нысаның ашу:
  • 10- нан кем емес жобаның пайыздық мөлшерін субсидиялау;
  • 7- ден кем емес жобаны жетіспейтін кепілдікпен қамтамасыз ету;
  • 13-тен кем емес жобаны гранттық қаржыландыру.
  • Жыл сайын бастауыш кәсіпкерлерге кемінде 15 грант және  90 шағын несие бөлінеді.

Бұл шаралар 2025 жылға қарай 3,5 мыңнан астам жұмыс орнын құруға, қолданыстағы бос жұмыс орындарына 6 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға және белсенді шағын және орта бизнес нысандарының санын 1,3 мыңға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешуді, сондай-ақ ауылдардың жартысынан астамын газбен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. 200-ден астам адам тұратын ауылдарда орталықтандырылған су құбырлары салынады, қалғандарында (200 тұрғынға дейін) суды тазартуға арналған күрделі блок модульдер орнатылады.Партия өзінің сайлауалды бағдарламасында осы мәселені шешуді алға қойды және экологиялық мәселелер де біртіндеп шешілетін болады, - деді А.Амиргалиев.

Кездесу соңында кандидат Қобда ауданының тұрғындарын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Тұрғындарды толғандыратын мәселелер партияның бағдарламасына еңгізілгеніне риза болған тұрғындар өз алғыстарын білдіріп, 10 қаңтар күні Nur Otan партиясына дауыс беретіндерін жеткізді

«Nur Otan» партиясының Ақтөбе облысы Қобда аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Байланысты жаналықтар

«Nur Otan» партиясының дайындығы басым

05.01.2021
MalimBlocks
«Nur Otan» партиясының дайындығы басым