Елу мобильді автобус аялдамасы орнатылады

Malim Админ

  • 06.01.2021

Маңғыстау облыстық және Мұнайлы аудандық сайлауалды штаб мүшелері «ҚТЖ–Жүк Тасымалы» АҚ «Маңғыстау ЖТ» бөлімі қызметкерлерімен «ZOOM» платформасында кездесті. Онлайн шарада ұжымға "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы кеңінен түсіндірілді. Халықтың әл-ауқатын көтеру жұмыстары жалғасып,  партия – барлығы үшін ашық екені айтылды. Ауданды дамытудың 7 басым бағытына кеңінен тоқталды.

Мұнайлы ауданын халық үшін жайлы ету мақсатында партия өмір сүру сапасын жақсарту, таза ауа, сапалы ауыз су мен біртегіс жолдарға қол жеткізуге жұмыстанады. Ауыл ішіндегі және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөнделеді, жаңадан салынады. Басқұдық, Маңғыстау, Қызылтөбе, Дәулет, Атамекен ауылдары бойынша жалпы көлемі 135,4 шақырымды құрайтын жол төселеді. 50 мобильді коммерциялық павильоны бар автобус аялдамасы орнатылады.

Таза ауыз сумен қамту мақсатында Қызылтөбе және Басқұдық ауылдарында жаңа сумен жабдықтау желілерін (229,5 шақырым) кезең-кезеңімен салу, сумен қамтамасыз етуді 100%-ға жеткізу көзделіп отыр. Баянды ауылындағы су тұщыту қондырғысы  және «Каспий» су тұщыту зауыты жаңғыртылады. Шаралар нәтижесінде аудан толық сапалы ауыз сумен қамтылады. Аудандағы бүгінгі жағдайға үңіле кетсек, Мұнайлы ауданында 7 ауылдық елдімекеннің 5-еуі орталықтандырылған құбыр арқылы ауыз сумен жабдықталған, бұл 74,1% құрайды.

Аудан халқының тұрғын үйге қолжетімділігіне кезек беретін болсақ, мұнда аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 3 080 отбасы тұр. Оның ішінде көп балалылары – 258 отбасы, жер кезегінде тұрғандар 30 мың адам. 2022 жылдан бастап Маңғыстау ауылында 24 пәтерлік 30 үй, Батыр ауылдық округінде 4 пәтерлі 20 үй салынады. Маңғыстау ауылының ескі 25 көпқабатты тұрғын үйіне күрделі жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жеке құрылыс мекемелеріне аудан аумағынан 6 көп қабатты тұрғын үй құрылысын жүргізуге мүмкіндік беріледі. Маңғыстау, Баянды, Қызылтөбе, Дәулет және Батыр ауылдарынан тұрғын үй құрылысын салуға арналған 3 мыңға жуық жер учаскелерін газ және электр желілерін жүргізу жұмыстары атқарылады.

Мұнайлы ауданының инженерлік желілерді қайта құру және халықты орталықтандырылған кәрізбен қамтамасыз ету бойынша да бірқатар іс-шаралар жүзеге асады. Маңғыстау ауылында кәріз жүйелерінің құрылысы жүріп, жалпы ұзындығы 27 шақырым құрайтын Атамекен және Басқұдық ауылдарында дренаж жүйесі орнатылады. Аудандағы қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және алғашқы өңдеумен айналысатын компаниялардың саны екі есеге ұлғаяды. Көшелерде қоқыстарды сұрыптау үшін 2 500 дана контейнер орнатылады.  Бұл жұмыстар тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін жасалады.

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының сайлау қаржы қорынан төленді

Байланысты жаналықтар

Медицина сапалы қызметіне қолжетімділік артады

06.01.2021

NUR OTAN: Маңғыстауда 5 жылда 40 мың адамға үй салынады

25.12.2020

"МАҢҒЫСТАУ ЭНЕРГО" ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

15.12.2020
MalimBlocks
Медицина сапалы қызметіне қолжетімділік артады

NUR OTAN: Маңғыстауда 5 жылда 40 мың адамға үй салынады

"МАҢҒЫСТАУ ЭНЕРГО" ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ