Nur Otan ерекше жандардың қамқоршысы

Malim Админ

  • 06.01.2021

«Nur Otan»  партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Тлеужанов Нұрсұлтан Нұрлыбекұлы Қайрақты ауылдық округі тұрғындармен кездесіп партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі міндеттерін түсіндірді.

«Nur Otan»  партиясының  сайлауалды  бағдарламасының  7 бағытын,  соның  ішінде  Жастарға арналған  аймақ  бағыты  бойынша  ауданымыздың  жастары  шоғырланатын орталықтардың  салынуын,  жастар  мәселелерін  оңтайлы  шешуге  ықпал жасайды. «Nur Otan» партиясы аймақтың қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру және азаматтардың оны кеңінен пайдалануға көшуі мақсатында интернет желісіне ауқымды қосылуды негізгі басымдықтардың бірі деп біледі.

2021 жылы Қайрақты ауылында таза сумен, интернет желісі орнатылатын болады.            Сондай – ақ  Аккөл, Толыбай, Сарат, Сұлукөл, Белкопа, Ұлғайсын, Аққұм, Жарөткел сияқты 8 елді мекенді сумен қамтамасыз етіледі.

Халқы 200 адамнан кем ауылдарда  Қияқты, Милысай, Сарыбұлақ, Байжанкөл, Талдық ауылдарында  5 кешенді блок-модуль орнатылады.

«Nur Otan»  партиясы  тең мүмкіндіктер жасаймыз. Өңірде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз ортаны құруға жақсы көңіл бөлініп келеді.

Бұл үшін «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары өз жұмысын күшейтеді және егде жастағы адамдарды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық позициясын жандандыруға бағытталатын болады.

Үміткер партияның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде еліміздің қол жеткізген басты жетістіктерін айтып өтті.Одан әрі тұрғындар өздерін алаңдатқан проблемаларды талқылап, түйітілді мәселелердің түйінін тарқатты. Тұрғындардың басым бөлігі ауылдық елді мекендердегі медициналық қызмет сапасын жақсарту, жастарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша өз ұсыныстарын айтты. Кездесу соңында үміткер Қайрақты ауыл тұрғындарын 10-қаңтар күні сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

«Nur Otan»  партиясының Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сайлау қорының қаржысынан төленді

Байланысты жаналықтар

Аудандағы білім сапасын арттыру басты міндет

06.01.2021

Nur Otan: жастардың мәселесі басты назарда

05.01.2021
MalimBlocks
Аудандағы білім сапасын арттыру басты міндет

Nur Otan: жастардың мәселесі басты назарда