Сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесті

Malim Админ

  • 07.01.2021

7 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды партиялық емес бақылау орталығының басшысы, «Нұр» балалар үйі мен мектеп-интернаттары түлектерінің Батыс Қазақстан Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Геннадий Артурович Франк Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесу өткізді.
Аталған шараға «Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Есекенова Айгүл Оразқызы, «Батыс Қазақстан облыстық Азаматтық Альянсы» қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Тенишева Светлана Владимировна қатысты.
Кездесуді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қапақов Ғайса Хамедулұлы байқаушыларымен сәлемдесумен ашып, осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Одан әрі облыстық сайлау комиссиясының төрағасы кездесуге келген байқаушыларды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша ағымдағы сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен, атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Өз кезегінде, БҚО бойынша сайлауалды партиялық емес бақылау орталығының басшысы Геннадий Франк бүгінгі кездесуді үшін алғысын білдірді. Барлық байқаушылар берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, ағымдағы сайлауды дайындау мен өткізуге қатысты түрлі сұрақтар қойды.
Кездесу соңында тараптар сайлауды ұйымдастыру мен өткізу және оларды байқау бойынша жұмыста өзара табыс тіледі.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды