"Билік ата-анадан баланың құқығын талап етпес бұрын, жағдай жасасын"

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 21.01.2021

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросында өткен баспасөз мәслихатында Жазира Қамолданова, Ғалия Жүсіпова, Гүлбану Аманова және Жанат Кәрменова соңғы уақыттары қоғамда қызу талқыланып жатқан «тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға түбегейлі қарсы екендерін жеткізді.

Жазира Қамолданованың сөзінше, билік ата-анадан баланың құқығын талап етпес бұрын, бірінші солардың жағдайын жасауы керек.

«Біз сіздердің алдарыңызға бүгін «отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасына үзілді-кесілді қарсы екенімізді білдіру үшін шығып отырмыз. Себебі бүгінгі таңда бұл заңды қабылдауда еш қажеттілік бар деп ойламаймыз...  Мемлекет тарапынан бізге айтылып жатыр, баланың жағдайы жасалмаса, ата-ана балаға қамқорлық ете алмаса, онда оны кризистік орталықтарға өткіземіз деп. Мен мысалы, сегіз бала тәрбиелеп отырған батыр анамын. Бізге марапатқа 17 500 теңге ғана ақша береді. Ата-ана баланың жағдайын жасау үшін, мемлекет ананың жағдайын жасау керек деп ойлаймын. Мысалға, біздің үйде сегіз балаға сегіз бөлме жоқ. Көп балалы аналардың сегіз бөлмелі үйі жоқ. Кем дегенде 1-2 бөлмеде 8-10 баламен тұрып жатыр. Қазақстанда жер көп, бірақ біз бір метр жер алу үшін қаншама жыл жылап келе жатырмыз. Баспаналар көптеп салынады, бірақ оның барлығы биліктің өзінің талан-таражына түседі. Сонда қазір мемлекет аналардың жағдайын жасамай қайда қарап отыр? Бірінші ананың, отбасының жағдайын жасап, содан кейін ата-анадан баланың құқығын талап етуі керек», - дейді Қамолданова.

Ғалия Жүсіпова қазір әртүрлі топ өкілдері елді дүрліктіріп отыр. Мәжіліс депутаттары заңды қарамас бұрын халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізулері керек еді дейді.

«Бұны (алынып тасталған заң тармақтарын – ред) желеу етіп, түрлі топ өкілдері халықты дүрліктіріп отыр. Бұның артында кімдер тұр? Халықты адастыру кімге керек? Осындайда мәжіліс депутаттары халыққа түсіндірмейме...Үкімет бірінші бізге жұмыс орындарын ашсын. Мысалы, баланы бөлмемен қамтамасыз ету керек дейді. Менде жұмыс, ақша бар болып тұрса балама барлық жағдайды жасаймын», - дейді Жүсірова.

Қаңтардың 18-і күні Нұр-Сұлтан қаласында бір топ әйел «отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға қарсы наразылық акциясын ұйымдастырып, парламент ғимаратына кірмекші болды. Бірақ олардың жолын арнайы жасақ сарбаздары бөгеді. Көп балалы аналардың сөзінше, заңда халықтың тұрмысына кереғар келетін талаптар бар. Бұдан бөлек, өздерін «Оңтүстік ақындары» деп таныстырған айтыскер ақын Біржан Байтуов бастаған бірнеше адам бейнеүндеу жасап, президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннен заңның қабылдануына жол бермеулерін сұрады.

Парламент мәжілісі «отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын 2020 жылдың қыркүйек айында бірінші оқылымда мақұлдаған. Бірақ сенат оны әлі қараған жоқ. Бұл жоба заң ретінде күшіне енбеген.

Байланысты жаналықтар

Шарлапаев утильалым мөлшерін төмендетуге қарсы екенін айтты

27.03.2024

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024

Наурыз мейрамына қандай мерекелік шаралар ұйымдастырылады?

21.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Ынтымақ күні

21.03.2024

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

20.03.2024
MalimBlocks
Шарлапаев утильалым мөлшерін төмендетуге қарсы екенін айтты

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еліміздегі утиль алым мөлшерлемесін төмендетуге неліктен қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Наурыз мейрамына қандай мерекелік шаралар ұйымдастырылады?

Наурызнама: Бүгін - Ынтымақ күні

Астана мен Алматыда қандай іс-шара өтеді?

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды